Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беретін орта мектептің
«Өзін –өзі тану» пәні мұғалімі
Оңдабаева Фатима Қалниязқызы
Мемлекет басшысының қаулысымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден бастап төтенше жағдай енгізілді. «Өмір бәрімізді оңайға түспейтін жағдайға қалдырғанын түсінемін. Бірақ коронавирус эпидемиясы – уақытша құбылыс. Біз міндетті түрде оны жеңеміз. Біздің елдің бірлігі, ынтымағы барлық қиындықты еңсеру жолында сенім береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық арналардағы мәлімдемесінде.
Әрине, ел президентінің бұл үндеуі бірліктің нәтижесін көрсететін күннің туғанын хабарлағандай болды. ІІІ тоқсанның соңғы күндері бәрімізде абыржу, сабырлысу болғаны баршаға мәлім. Бірақ , әрбір істе ұстаздардың ұлылығын ұлықтайтын, киелілігімен қастерленетін орта, ұжым болғандықтан барынша сабыр сақтап оқушыларымызбен, ата –аналарымызды да сабырға шақыру мен дұрыс нақты ақпараттармен қамтамасыз ету барысында жұмыстана отырып, қашықтан оқуға дайындықтар жүргізе бастадық. Қашықтан оқыту, әрине, қиындық тудырары сөзсіз еді. Себебі мұндай жағдай қаншама реформалауға түскен білім саласында бірінші рет орын алып тұр. Бұл алғаш рет және тарихта қалар тоқсан болары сөзсіз. Сантүрлі әдіс –тәсілдер, жаңартылған бағдарламалар, шебер ұстаздардың онлайн түрдегі шеберлік сабақтары қамшыламай қоймайды екен. Қарап отырсақ қаншама жылдан бері әлі пісіп жетіле алмай бірақ, пайдалануды білген шеберлерге еш кедергісіз өтіп жүрген АҚПАРАТТЫҚ КОМУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ арқылы сабақ өту дегеніміз міне осы. Бұл төтенше жағдайға біз ұстаздар қауымы шекарадағы сарбаздарша дайын болдық. Мұғалімдер мына бағдарламаларда еркін сабақ бере алатыны мәлім болды. Олар: Daryn online, bilimland, ozin-ozi-tanu.kz , Telegram, WhatsApp платформалары немесе «ЕЛ АРНА» мен «Балапан» арналарындағы телесабақтар және электронды кітаптар, электронды түрде бейне сабақтар, электронды журналдар бәрі бізде дайын. Бастысы мұғалім шәкіртіне төтенше жағдайға қарамастан, жан –жақты сапалы білім беруі керек.
Бұл дегеніміз оқушыға АҚПАРАТТЫҚ КОМУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ меңгеруге беріліп отырған үлкен мүмкіндік, енді ол бала алдында тұрған тек бір ұстаздың материалдарымен ғана емес қосымша қаншама ақпараттар алуға шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ата –аналарда балаларымен бірлікте сабақты түсініп әріқарай көмектесуге мүмкіндік алып отыр. Мен өзін –өзі тану пәнін оқыту барысында көптеген шынайы әрекеттердің куәсі болудамын. Бұрын тек алдыма келген баламен ғана жұмыстансам қазір оның отбасын ата –аналарымен де байланыстамын. Кейде тапсырмаларады орындауда кездесетін оқушымның сөздік қорынан емес, көнерген сөздерді көріп ата –анасының, ата -әжелерінің бармақ ізін байқап қуанып отырамын олардыңда білім саласына қосқан үлестері , балаларының болашағы үшін салған ең үлкен инвестициясы. Оқушыларымның шынайы ықылас ниеттерін олардың ата –аналарымен жасаған жұмыстарын көріп үйде ұстаздықтың қыр –сырын меңгеріп отырған ата –аналарға алғыс білдіремін. Әрине, бәрімізде оқушыларымызды сағындық, мектептің қоңырау үнін сағындық, 40 минуттық сабақ біткенде есікке жүгіретін бұзығымызды да келесі 40 минут басталарда әлі жиналып болмаған жәйбасарымыздыда ескереміз. Сондықтан тапсырмалардың орындалып кері байланыс жіберуіне үлгергенінше уақыт беремін. Соның ішінде шығармашылық шабыты оянып жүрген оқушыларымда бар. Олардан бұрын көрмеген нәтижелеріммен жүйелі ойларын естіп қуанып отырамын. Міне, қарап отырсақ елімізде орын алған төтенше жағдайды да жақсылыққа жорып жақсы тұстарын көруге болады.
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» –деген екен Білге қаған, олай болса осы ұмытылмас тарихи сәттерімізде бірлігімізді бағалап, болашағымызды бағдарлап, үкілі үмітпен, күткен күндіде көрер шақ алыс емес болар… #Бізбіргеміз