Унайбекова Тамара Унайбековна
Қарақия аудандық білім бөлімі
“Құрық ауылының №1 орта мектебі” КММ-нің
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Төтенше жағдай кезінде біз қашықтықтан қалай оқытамыз? Қашықтықтан оқытуда жаңа материалдарды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Оқу материалдарын баяндау және талқылауды бір мезгілде жүргізуге болады. Қашықтықта оқыту үғымын кең мағынада алсақ, оқытушы мен оқушылардың бір бірінен алысталынған оқу формасы. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі технологиялары бар. Оқу процесіне оқытуда ең тиімді мессенджерлер олар “What’s app” және “Telegram” желілері деп білемін. Әр мұғалім өзінің шәкірттерінің әлеуметтік жағдайын және деңгейін білу шарт. Мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артқан жөн. Оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы, бір пәннін орындап үзіліс жасағанын қадағалау. Көркем еңбек пәнін қашықтықта оқытуда оқушыларға мотивация беріп отырамын. Ол оқушының сабаққа деген қызығушылығын күшейтеді. Сабақ кезінде сергіту сәтін жүргізіп отырған өте пайдалы. Сабақтың тақырыбына байланысты “Youtube” желісінен бейнероликтерді пайдаланғанды жөн деп санаймын. Мысалы, 6-шы сынып оқушыларына көркем еңбек пәнінен өткен тақырыбы ‘Электр схемаларының шартты белгілеріменен танысу. Электр тізбектері. ’ аясында , оқушылар өз пәтерлерінің ішіндегі электр тізбектерін, әр тізбектегі шамдарды, сымдарды, ажыратқыштарды белгілеп, нақты шартты белгілерін, сызба арқылы көрсетіп отырды. Сабақта “өте жақсы”, “жарайсың” терминдерін қолданып отырамын. Қашықтықтан оқытудың қай формасы болмасын, білім беруде жетілдіріп отырғанымыз пайдалы.
“Біз біргеміз!”