Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
МКҚК №8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі: Толтырова Мария Текемұратқызы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Заттар тобын салыстыру және санау.
Мақсаты: Топтарда заттардың тең санын анықтауға, санау және топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс қорытындылауға үйрету; талдау және қорытындылау білігін дамыту; Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: арақатынастарды белгілейтін сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»;
игереді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру тәсілін;
меңгереді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың санын салыстыру білігін.
Қажетті материалдар: Демонстрациялық материал
Сөздік жұмыс: көбірек, азырақ, тең.
1.ҰОҚ барысы
Балаларды шеңберге тұрғызып, өлең шумақтарына сәйкес шаттық шеңберін қимылдар жасау арқылы орындау.
Шаттық шеңбері: Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам,
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан!
-Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасайық.
Балалар сендердің қолдарыңа құлыптың кілті берілген.Сендердің отыратын орныңыз құлыптанған, ендеше әр бала қолындағы кілтіне сәйкес орындарға отыруы тиіс.Егерде қолыңыздағы кілтпен құлыптың кілтті сәйкес келмесе демек ол сіздің орныңыз емес деген сөз.
- Негізгі бөлім:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Қыс мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Ал балалар бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атап беріңдерші?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше өтпек.Себебі көптеген қонақтар келіп отыр.
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Заттардың тобын салыстыру және санау»
Біз 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап білеміз бе?
-Балалар біздің тобымызда әдемі гүлдердің ортасында сандар тығылып тұр екен.Олар адасқан сандар екен, ендеше сол сандарды рет-ретімен бір қатарға орналастырайқшы.
-Балалар сендер осы сандар туралы тақпақ немесе санамақтар білесіздер ме?
-Арай: Жіңішке жалғыз таяқша
Бір саны ол айрықша
Міне,екі саны тұр,
Қараңдаршы, неткен тұр
Мойнын алға иеді
Құйрығы еріп жүреді.
Алинұр: Шатастырмай басқаны,
Міне, келді 3 саны
Торайлармен достасып
Үлгі бола бастады.
Сүйір шынтақ шығарып,
Төрт тұр алға үшті алып.
Інжу: Басталады саусағым бас бармақтан -1ші
Балан үйрек келеді санағанда 2-ші
Ортан терек, биігі , тұрып қалған 3-ші
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен 5-ші
Алты саны ол-алтау
Бестен кейін келеді
Тапқыр бірден біледі.
Айназ: Жалғыз аяқ көсеу де,
Ұқсас екен жетеуге
Кел, балалар санайық
Жетіге бірді қосайық
Жаңа шыққан санды біз
Сегіз деп енді атайық.
Мұратхан: Тоғыз алты сияқты, білмегенге
Құйрығы бірақ қарап қалған төменге.
Он, білесің, басы ашық
Тоғыздан соң келеді
Саусақтарды санап шық
Есебін сол береді.
Ғажайып сәт
-Бір жылаған баланын дауысы шығады.
Тәрбиеші: -Балалар бұл кім жылап жатқан.Мына есіктің сыртында біреу жылап тұрған сияқты.
Ендеше есікті ашып көрейінші.
-Сен кімсің? Неге жылап тұрсың? Кіре ғой топқа.
-Атын кім сенің?
–Менің атым Дымбілмес
Мен балабақшаға мектепке барғым келеді.Балабақшаға барсам үлкенсің деп мектепке жіберді, ал мектеп болса дымбілмейсің деп балабақшаға жіберді.Егерде мына қолымдағы тапсырмаларды орындап келсен мектепке қабылдаймыз деген, ал мен болсам Дымбілмеспін ғой деп жылайды.
Тәрбиеші: -Дымбілмес сен жылама, біздің топтың балалары саған тапсырмаңды орындап көмектеседі, сосын сен мектепке баратын боласың.Қәне тапсырмаңды маған беріп мында отыра ғой.
-Балалар Дымбілмеске көмектесеміз бе?
Ендеше тапсырманы орындайық. Балалар бұл заттарды салыстыру
Демек мында біз артық, кем, тең таңбаларын қоюмыз керек.Ал мына тапсырмада үлкен-кішкентай, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, көп-аз ұғымдарын білу керек.
-Балалар Дымбілместің тапсырмасын орындап береді.
Тәрбиеші: Дымбілмес мінекей біздің балалар ақылды сенің тапсырмаңды да орындап берді.Енді сені мектепке қабылдайтын болады.
-Дымбілмес рахмет балалар.Сауболыңдар.-деп қуана секіріп шығып кетеді.
-Тәрбиеші балалар жарайсыңдар.Сендерде шаршаған боларсыңдар орнымыздан тұрып бір сергіту жаттығуын жасап сергіп алайық.
Сергіту жаттығуы бейне үзінді арқылы орындалады.
Топтық жұмыс.
-Енді балалар сендер топ болып жұмыс жасайсыңдар.Бұл тапсырманың сендерге пайдасы саусақтарыңыздың ұсақ моторикасын дамытады.Мында моншақтар тізілген,сол моншақтарды жылжыту арқылы санап, қасына тиісті сандарын қою керек.
- Қорытындылау.
Оқу қызметін қорытындылайды. Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?«Қандай тапсырма ең қызықты, ең қиын болғанын айтып бер». Әсерлерімен бөліседі.Тәрбиеші балаларды мақтап мадақтайды.