Home » Мақалалар » «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

«Заман талабына сай, әрбір ұстаз өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп отыру шарт».

Орыс педагогы Ушинский

            Жалпы қашықтан білім беру бағыты өркениеті үзбей қалыптасқан елдерде жақсы дамыған. Солардың ішінде Ұлыбритания, АҚШ елдерін атауға болады. Ал елімізде ТЖ орнап, карантин жарияланғалы қашықтықтан білім алу – қажеттілікке айналды. Оның үстіне әлемдік пандемиядан тұтылмай құтылудың бір жолы оқшаулану екенін мамандардар да жаппай түсіндіріп әлек. «Мұқтаждық мың өнердің анасы» демекші, аталған сауалды күн тәртібінен алмай, оқытушы ұстаздарға оқшаулану уақытында да жұмыс жасау уақыты бұйырды. Аталған міндетті ұстаздар қауымы тиімді атқарып, әдеттегідей өнімді еңбек етіп жатқаны қуантады.

Қашықтықтан білім алу – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асырып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін кейс деп атауға болады. Бүгінде ТЖ кезіндегі қашықтықтан білім, оқушы мен оқытушы арасындағы виртуалды өзара іс-қимыл, дәстүрлі сабақтағыдан тиімді екенін көрсетіп жатыр. Мысалы, таяқтың да екі ұшы боларын ескерсек, уақытша қабылданған жүйені цифрлық сауатты болуға жаппай дайындық деп ойлауға болады.  Одан бөлек, қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады. Сондықтан осы бағыт біздің цифрлық сауатты болуымызға жол ашатын мүмкіндік деп қарастырған жөн.

Бүгінде жоғарыдағы жүйенің енгеніне үш аптаға жуық уақыт болды. Пандемияға байланысты еліміздің білім беру ұйымдары қашықтан білім беруге көшіп кетті. Аталған жаңашылдыққа қоғамның пікірі сан түрлі көзқараста. Бірі бұл жүйені қос қолдап қолдаса, екіншілері бағыт жөнінде кері пікірлерін білдіруде. Бірақ, назарда ұстау керек ерекше жайт. Әлемнің алпауытты елдері сандық жүйеге көшіп жатқанда, қашықтықтан оқытудың біздің елдің білім алушылары үшін де берері көп деп ойлаймын.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі формат жаңа болғандықтан, алғашында қобалжу болғанын ұстаздар қауымы жоққа шығармайды. Алайда, ұстаз бен ата-ана және шәкірт бірлесе жұмыстанса, еңсеріп, игеруге болатын нысана екенін көрсетті.

Әбитова Гүлназ Аманбайқызы
Маңғыстау облысы
«Құрық ауылының №1 орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.