Жусубалиева Салтанат Алипбаевна
Қостанай облысы Рудный қаласы
«Дмитрий Карбышев атындағы
№ 14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Өмір- үлкен мектеп деген мақал-мәтелдің сыры әрбір жас бүлдіршіндер білім ордасынан тәлім-тәрбие алу үшін өмірге қадам басады. Мектеп ол қасиетті орын ,себебі шәкірт алғашқы білімді, тәрбиені, барлық қоғамдағы болып жатқан жағдаяттарды ұғып түсіне бастайды. Ал мектептің жүрегі ол әрине ұстаздар қауымы. Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады. Өте жақсы айтылған. Ұстазын алға жетелейтін және күш-қуат беретін ол әрине шәкірті. Жеке тұлға –ол өмірде өз орнын табатын, қиындықпен күресе білетін, саналы болашағы бар азаматты тәрбилеу болып табылады. Тұлға — өз ойын еркін жеткізе алатын, жауапкершілігі мол, білімді азамат болып табылады.
Шығармашыл тұлға — жан-жақты дамыған, қызығушылығы мол, өмірлік ұстанымы бар, әрдайым ізденісте жүретін ойлау дағдысы жоғары болады. Жеке тұлғаны жасөспірім кезінен бастап зерттейтін мұғалім. Мұғалім барлық оқушыларын тәрбиелей отырып, қандай іске икемі бар немесе неге қызығушылығы бар екенін психолог ретінде анықтайды және біледі. Әрбір баланың психологиясын зерттеу үшін ұстаз қызықты сұрақтар немесе мәліметтер айтуы мүмкін. Тұлғаны тәрбиелеу күнделікті көңіл-күйіне мән беру, сырласу, досыңдай сөйлесу керек. Ал ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс әрқашан үзілмеу керек. Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу барысында оқушылардың қызығушылығын байқауға болады. Мәселен шәкірт бойынан дарындылықты, шеберлікті,ұстамдылықты, мәдениеттілікті көруге болады.
Қабілет — дегеніміз оқушының мінез-құлқы, жас ерекшелігі, санасы логикалық ойлауы, әртүрлі деңгейдегі жасаған еңбегі. Жас ерекшеліктеріне қарай қабілетті оқушы өз ісіне тиянақтылықпен қарайды. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай жас ұрпақты жан-жақты оқыту, сынайы көзқараспен көрсету арқылы болашағынан зор үміт артатын сенімді шәкіртті және жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету болып табылады. Қабілетті бала әрқашанда өзін жоғары деңгейде көрсете алады. Сол себепті қоғамда барлық бала қабілетті, дарынды оның бойындағы осы қасиетін ашу үшін, оларды қызықтыра білу керек.
Жетістік — ол үлкен жеңіс. Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. Осы ұлағатты сөздер өте дұрыс айтылған. Өмірдегі бастаған еңбегің саған үлкен жеңістер алып келеді. Жетістікке жету үшін көп жұмыс жасап, шығармашыл ізденісте болу керек. Ұстаз ең бірінші өзінің өмірдегі жетістігін тәрбиелеп отырған шәкірттеріне көрсету сол еңбекті шәкіртіне үйрету. Сол кезде оқушыда өмірге басқа көзқараспен қарап, жетістікке ұмтылады.
Оқушылардың жетістігі туралы айтсам өз шығармашылығымнан яғни мен оқушыларға домбыра үйірмесін аштым. Домбыра үйірмесін ашу себебім оқушыларымды музыкалық қабілетке үйреткім келді. Қазақтың киелі домбырасымен таныстыру мен үшін үлкен құрмет болды.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Әрине әрбір қазақ халқы өзінің қасиетті аспабын терең білу керек. Аспап арқылы оқушының бойында өнерге деген сенімділік , өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға болады.
«Ұстазынан шәкірт озар» — деген мақалдыңда сыры осыда. Үлгілі, тәрбиелі, қабілеті жоғары оқушыларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетке баулу әнге, биге, мәнерлеп оқуға, актерлік шеберлікке, сахнада көрініс ойнауға әртүрлі қасиеттерді дамытуға үйрету болып табылады. Шәкірттің бойынан дарындылықты көрген кезде, оны әртүрлі іс-шараға қатыстырып, одан әрі өзіне деген сенімділігін күшейту. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» сол сияқты шәкірт секілді ұстазда өмір бойы оқиды. Ұстаз оқушыны өмір бойы тәрбиелейді.
Қорытындылай келгенде, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылыққа қабілетін дамыту үшін, ойлау дағдысын терең жетілдіру керек. Бастауыш сынып оқушылары берген мағлұматты тез қабылдап алады.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуына әсер ететін факторлар бар. Олар
сыртқы және ішкі факторлар болып табылады. Ішкі факторға отбасындағы қарым-қатынас, қолдау, сүйіспеншілікке баулу, достық қарым-қатынас, ата-ананың көзқарасы, жағымсыз әдеттер, тұрмыстық жағдайлар әсер етеді. Сыртқа факторға мектеп, қоршаған орта, әлемдегі болып жатқан құбылыстар баланың мінез-құлқына әсер етеді. Сол себепті баламен әрдайым тығыз байланыста болу керек. Бала ол таза парақ секілді өзіне жақсы жаман тұстарды қабылдап алады. Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуді үйрену керек және әр ісіне жауапкершілікпен қарау керек.
Бір данышпанның шәкірттері болған екен. Олар бірде ұстазына қандай қиын сұрақ қоюға болады- деп ойланады. Бір шәкірті тұрып, ұстазым сізге бір сұрақ қойсам болама?. Менің алақанымда көбелек бар. Енді сұрақ — ол көбелек тірі ме, әлде өліме? — дейді. Егер менің ұстазым тірі десе мен көбелекті алақанымда өлтіре саламын, ал өлі десе көбелекті ұшырып жіберемін деп ойланады. Сонда ұстазы бәрі өз қолыңда – деп жауап береді.
Ұстазы шәкіртіне нені айтқысы келді? Дүниеде өз қалауыңмен барлық істі жасауға болады бірақ, көп оқып, білім алып, жалқаулыққа бой бермей, алға ұмтылсаң ғана өз арманыңа жетесің деген ойды айтқысы келді.
Болашақта бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа қабілетін дамыту үшін көп іздену керек, саналы ұрпақты тәрбиелеу біздің парызымыз. Сол үшін мен өз шәкірттеріме сенемін болашақта озат, жаңа заманға сай, жан-жақты жетілген белсенді, өз шығармашылығымен айналысатын білімді азаматтарды тәрбиелеймін.