Туберкулез – бұл ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы ауру, оның қоздырғышы — туберкулез микобактериясы. Негізінен, адамдарда туберкулездің өкпе түрін зақымдану жиі кездеседі. Сондай-ақ өкпе туберкулезінен басқа, сүйек жүйесінің туберкулезі, құрсақ қуысы, көз туберкулезі, қолтық асты лимфа түйіндерінің туберкулезі, туберкулезді спондилит түрлері де бар.
Ұсыныс:
— 2 аптадан астам жөтел, әлсіздік, салмақтың төмендеуі, тершеңдік, кеудедегі ауырсыну, жалпы әлсіздік және тез шаршағыштық, дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуі сиякты симптомдар пайда болған жағдайда тұрғылықты мекен-жай немесе тіркелген жеріңіз бойынша алғашқы медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажет.
— туберкулезбен сырқаттанушылық анықталған жағдайда клиникалық-зертханалық зерттеулерден (шолу рентгенографиясы, компьютерлік томограмма, қақырық бактериоскопиясы) уақтылы өту қажет.
Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды жүргізу қажет;
— жыл сайын қалалық емханаларда флюорологиялық тексеруден өту.
— 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулинодиагностика (Манту туберкулин сынамасы, рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама) жүргізіледі.
— жаңа туған балаларға туылғаннан кейін ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинациясын жүргізеді.
Сондай-ақ жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда, туберкулезбен сырқаттанушылықты ерте анықтау және емдеу мақсатында Алматы қаласының барлық тұрғындарын уақтылы медициналық көмекке жүгінуге шақырамыз. Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаныз!!!!
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарамасының
бас маманы Г.Макулбекова
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы:
Сисенов Дархан Алдонгарович.