Алматы қаласы, Алатау ауданы
№210 мектеп лицейінің
тарих пәнінің мұғалімдері
Туменбаева Карима Бескемпировна,
Абилдаева Эльвира Сламжановна,
Дауталиева Элвира Толеуовна, Омар Мая.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ
Мектебімізде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Қонаев туралы жылжымалы көрме көрсетілді. Дінмұхамед Қонаев атындағы музейінен атамыздың жеке заттарын мұражайдан арнайы акелген мұражайдың аға ғылыми қызметкері, шығыстанушы, зерттеуші Т.Талғатұлы таныстырды. Д.А. Қонаев музейінің негізгі мемориалдық бөлігінде оның тарихи-өмірбаяндық деректеріне сәйкес әрбір заттар хронологиялық және тарихи негізде орналастырылған. Музейдың бай қазынасымен танысу өткен ғасырдың 70–80 жылдарында Дінмұхамед Ахметұлының өзінің жинаған жеке бай кітапханасынан басталды.
Д.А. Қонаев музейі 2002 жылдың қаңтар айының 12 күні Д.А.Қонаевтың 90 жасқа толуына байланысты музей салтанатты түрде ашылды. Одан бергі аралықта жастарға патриоттық тәрбие беруде игілікті істерді жүзеге асырып келеді.
Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткер» тақырыбын қамтиды. Дінмұхамед Ахметұлының қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы жайлы осы деректер мен тарихи мағлұматтарды ғылыми қызметкер таныстырды.
Өткен ғасырға өшпес із қалдырып, «Ғасыр саңлағы» атанған ұлы тұлғаның болашақ ұрпаққа қалдырған өшпес мұраларын мектеп оқушылары ерекше ықыласпен тыңдады.
7-9сынып оқушылары қатысып тың деректермен танысып, өз ой пікірлерін айтты.
Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Екіншіден, Дінмұхамед Қонаев КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын
15 политбюро мүшесінің бірі болған. Отбасында 11 баланың 4-іншісі екен.
Оның бойы – 198 см. Өзі 46 өлшемдегі аяқкиім киген. Негізгі хоббиі қару-жарақ коллекциясын жинаған және аңшылықты ұнатқан. Ең қызығы, Дінмұхамед Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған. Өзгелер жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жұмысына жаяу барып-келіп жүрген. Содан болар ол кішіпейіл басшы ретінде есте қалған. Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы үш қабатты үйде 24 жыл бойы тұрған деп атап көрсетті. Сондықтан оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмаған.
Димаш Ахметұлының өз қолымен жазған автобиографиясы.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі тек Қазақстан халқына ғана емес бүкіл әлемге әйгілі. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін оқушылар экскурсия барысында танысты. Мұражайдың кітапханасында Д.А. Қонаевтың жеке өзінің кітаптары мен қызметтес әріптестерінің кітаптары да орын алғандығын, сонымен қатар кітапханада Д.А.Қонаев туралы жазылған 66 кітап топтамасы бар екендігін, кітаптардың жалпы санының 5000 данадан асатындығы туралы ғылыми қызметкер Т.Талғатұлы айтып берді. Экскурсия барысында 9-сынып оқушылары экспонаттарға қызығушылық танытып, естелік кітапқа мұра жайдың қызметкерлеріне алғыс айта отырып, Д.А. Қонаев туралы сүйіспеншіліктерін білдіре отырып, соған байланысты оң пікірлерін жазып қалдырды.