Home » Жаңалықтар » Мектеп-кеме, білім-теңіз

Мектеп-кеме, білім-теңіз

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
143  мектеп-лицейдің оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Саурықова  Ғалия Ұзаққызы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында белгілеп берген жаңғырудың 6 бағытының бірі – білімнің салтанат құруы.

Ұстаз —  жас жеткіншектерді ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуші.Бұл тұрғыда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын,  мектептің алатын орны айрықша.  Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, үлкен ізденіспен терең білімге бойлауға жол ашатын, оқушы өмірінің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланатыны сөзсіз. Сол себепті, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетін шыңдайтын, жалпы мүмкіндіктерінің ашылатын кезеңі осы. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту арқылы ынтасын ояту болып табылады. Ал, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал Чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» — деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Ұстаз деген құрметті атқа ие болу үлкен бақыт.Әрбір ұлылықтың басында ұстаз тұрғаны айдан анық.Таразы басын тең ұстап біліммен тәрбиені қатар алып жүрген ардақты мамандарға дән риза болатындар да баршылық.Ел-жұрттан құрмет көріп,қошеметіне бөлену кез-келген педагогқа ерік-жігер сыйлайтыны сөзсіз.Мінекей,мұғалім-осындай мәртебелі мамандық.
Бүгінгі жас жеткіншек-ертеңгі жарқын   келешек.Олар елдің тірегі.Біз ұстаздар,ел тірегінің  іргетасын қалай алатындай біліммен сусындауы үшін барымызды салудамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтпақшы білімге бастар жолдың бәрі біз үшін тек игі іс іспестес.
Ұстазды әсте диқанға теңейді.Себебі адам жанына дән себуге себепкер деп танимыз.Парасаттылықпен асқан ақылдылықты алдымен өз бойына одан соң бүлдіршіндерге беру орасан зор еңбек.Ұрпақ тәрбиесі туралы Елбасы Н.Ә Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты –саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,ізгіленген  ХХІ  ғасырды құрушы іскер , өмірге икемделген ,жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» — деген еді. Мінекей,біз, ұстаздар бағытта жұмыс істеп жүрміз.Шәкіртке өмірдін мәнін түсіндіріп қана қоймай, өмірге сүйіспеншілігін арттыратын қайратты  сөздерінің арқасында үлгілі боп отырмыз. Себебі әрбір  ұстаз  үшін,  шәкіртінің ыстық ықыласынан артық мәртебе жоқ.Ендігі біздің мақсатымыз,  дарындыларды тәрбиелеп,жан — жақты дамыту болмақ. Ендеше,ертеңіміз жарқын болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.