Жапимова Акбота Алимовна,
Ақмола облысы Жақсы ауданы
«Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі»
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі-алтын қазына
«Қазақ тілі- алтын қазына» факультатив сабағы 9-сыныпта аптасына бір сағат, оқу жылында барлығы – 34 сағат өткізіледі.
Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы курс арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, сөздерді дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
«Қазақ тілі- алтын қазына» факультатив бағдарламасының мақсаты: жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту, әрі сауатты жазуға баулу. Сонымен қатар оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, айтылым дағдысын дамыту, өз бетінше талдауға үйрету. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу және оны дамыту. Оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.
Сонымен қатар, оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
«Қазақ тілі- алтын қазына» факультатив бағдарламасы Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ- оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.
Бұл бағдаралама қазақ тілі пәнінен сауатты жазып қана қоймай, ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқи отырып, тіл байлықтарын жетілдіреді. Кейіпкерлерді талдай отырып, өмірге еркін бейімделе алатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Әр тарауға жеке тоқталсақ:
«Қазақ жазуы» тарауында оқушылардың білім алу бағыты сауатты жазу мен қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратаға білуге, сөйлемдердің орын тәртібін сақтауға негілделеді.
«Тарихи тұлғалар тағылымы» тарауында оқушылар тарихпен ұштасып жатқан қазақтың қарапайым да, көркем тіліне назар аударады. Шығарма авторлары сияқтв қайсар мінездерін өздеріне үлгі етеді. Тарау соңында оқушылармен әдеби кеш өткізіліп, тарауды қортындылайды.
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы» тарауында балалардың бойына патриоттық сезім ұялайды. Тарих қойнауына көз жүгіртіп, оқуға құштарлықтары артады. Айтылым және оқылым дағдылары дамиды. Алған білімдерімен тарау соңында сыныптастарымен дөңгелек үстел барысында бөліседі.
«Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу» тарауы тыңдаушыларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын таныстыра отырып, сөйлеу, ойлау, өз ойларын жеткізе білуге машықтанады. Тарауды қорытындылау үшін балалар сахналық көрініс көрсетіп, қазақ халқының ұлттық әндерін айтады.
«Қызым – жағамдағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым» тарауында жеке тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, айтылым дағдысы дами түседі. Ойын еркін және дәл жеткізе алатын деңгейге жетеді. Сөздік қоржыны көптеген сөздермен толықтырылады. Тарау соңында 9 – сыныптар арасында конференция өткізіліп, әр оқушы жыл бойы алған білімін ұштап, конференция мүшелерімен бөліседі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
— Өз ойын анық, дұрыс және көркем етіп ауызша, жазбаша жеткізе алу;
— Стиль түрлерін ажырата алу;
— Өмірдегі өзекті мәселелерге мазмұнды тақырыптар төңірегінде тыныс белгілерін пайдалана отырып, диалог құрастырып, ауызша және жазбаша сауатты жеткізе отырып, уақыт талабына сай белсенді жұмыс жасай алу;
— Тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін өз пайымынша меңгере алу;
— Автор сөзі, цитата, төл сөз, төлеу сөз, диалог сөздерді шығармалардан таба білу, талдай алу, олардың өзара айырмашылықтарын өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана алу;
— Стиль мен тыныс белгілері бойынша алған білім, білік, дағды, машықтарын тәжірибеде кеңінен қолдана алу.
Күтілетін нәтиже
— Оқушылар іс қағаздарды күнделікті өмірінде қолдануы қажеттілігін сезінеді.
— Әр түрлі іс қағаздарының—хат, өтініш, сенім хат ,қолхат т.б. жазылу, толтыру үлгілерін біліп, ауызша және жазбаша сөйлеу, дұрыс айту дағдыларын меңгереді.
— Бағдарламада берілген теориялық түсініктерге өзі пайым жасай алу деңгейіне жетеді.
— Тіл ғылымы саласынан терең білімі бар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық іс- әрекетте белсенділік көрсете алатын саналы тұлға тәрбиелеп шығару.
— Тілдің әлеуметтік мәнін, қоғамдығы коммуникативтік қызметін байқайтын, тіл мәдениетін арттыруға, шығармашылық ізденісі, іскерлік дағдысы қалыптасқан тіл, сөз өнері қатысатын мамандықтарды игеруге қабілетті, өмірге икемді адамды қалыптастыру.
Өте керемет жазылған, еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Өзекті тақырып, бірнеше бағытты көздеп отыр👍
Осы уақыттың Фаризасы. Алла Тағала еңбегіңізге береке берсін.
Керемет жазылған тақырып, Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!!
Керемет, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!!!
Өзекті тақырып, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Отлично 👍
Керемет! Акбота жарайсыз, енбегиниздин жемисин кориниз, саттилик тилеймиз!
Тіл — қашан да өзекті мәселе, өзекті тақырып. Жазған еңбегіңіздің пайдалы болары сөзсіз. Сәттілік сізге 💐
Тамаша еңбегіңіз жаңа берсін
Керемет акбота билимиздин жемисин кориниз ак жол сизге сизге сенемиз оркеининиз осин
КЕРЕМЕТ 😇 Сәттілік!
Ақбота, өте керемет жазылған. Өзекті тақырыпты қамтыған екенсіз
Биіктерден көріне бер қарындасым
Ана тілімізді көркейтіп, дамыту жолындағы еңбегіне сәттілік!
aigerimzhapimova@mail.ru
Жарайсыз, жақсы жащылған
Тамаша, жарайсыз
ЖАРАЙСЫЗ, өте жан-жақты қарастырылған, сәттілік тілеймін!
Бала тәрбиесі тал бесіктен, ананың сүтімен басталады. Жүрегі елім деп соққан бала тәрбиелеу үшін ата-анасы, туыстары мен жақындары, жалпы ортасы ана тілінде сөйлегені абзал. Және сол үрдісті жалғастырып әкету мұғалімнің парызы.
Еңбегіңіз елене берсін
Ақбота өте ауқымды, өзекті мәселені қозғаған екенсің. Еңбегің еленсін. Табыс тілеймін!
Ақбота еңбегіңіздің жемісін көріңіз!Биік белестердең көріне беріңіз!
Керемет! Еңбегіңіз бағалана берсін! Сәттілік!
Өте жақсы жұмыс! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Ақбота еңбегінің қызығын көр!
Ана тіліміз дамысын.Еңбегің еленсін Қазақ тілін ұрпақтың ой-санасына сіңіре білу ұстаздың ерен еңбегі.
Еңбегің алға баса берсін!
Керемет! Сәттілік тілеймін!
Айналайын,Ақбота.
Мына еңбекті көріп риза болып отырғанымды, өйткені бұл еңбек текке ас ішіп,аяқ босатпай жүрген жанның жұмысы, яғни нағыз ұстаз еңбегі.Бағдарлама барысында біраз дүние жан жақты қамтылған.Мағыналы, мазмұнды,бастысы жүйелі түрде құрылған.Осының бәрінің өзегі,қазіргі кездегі ақсап бара жатқан-байланыстырып сөйлеу мәдениеті.Ол үшін ойлау қабілетін дамыту.Міне осы мәселелер толық көрініс табады.
Біткен істің міні жоқ
Бітірген ердің кемі жоқ-деп,
Ісіңе сәттілік