1. Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика Тақырыбы: 1-ден 1- ға дейінгі сандарды қайталау. Мақсаты: 1. Білімділік: 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, қандай сандар жетіспейтінін, алдында, артында ұғымдарын дамыту, 10 көлеміндегі сандарға есептер шығаруғаүйретуге білімге деген құштарлығын арттыру. 2. Дамытушылық: ойындар арқылы, әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, санау, топтау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту. 3. Тәрбиелік: Баалаларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, татулыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. 4. Көркеміліктер: Дымбілместің тапсырмасы, сурет жұмбақ, математикалық есептер, суреттер.
I. Мотивациялық қозғаушылық: 1. Сабақты ұйымдастыру. Балалармен нейрожаттығу арқылы амандасу. Балалармен жылулық шеңбері бойына тұрып, қонақтармен амандасайық. Бала, бала, балақай, Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жолаудан күн жасайық. Жаса, жаса жарқын күн, Жаса, жаса алтын күн.
II. Сұрақ – жауап алу а) Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс) ә) Қыс мезгілінде неше ай бар? (3 ай) б) Біз қандай жылды қарсы алдық (қоян жылын) Бүгін біз 10-ға дейінгі сандарды санап, қызықты ттапсырмалар орындаймыз. Балалар бізге хат келіпті. Ол хатты Дымбілмес жіберіпті. Хатта былай жазылыпты: «Қымбатты достар! Оқу үшін көп білім алу керек. Жазып, санап, есеп шығара білу керек. Ал мен есеп шығара алмаймын. Маған көмектесіңіздерші. Онда Дымбілмеске есеп шығаруға көмектесейік. 1-10 дейін тура және кері санайық. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
III. Енді қандай сандар жетіспейді ойынын ойнайық. Қандай сан жоқ? 1 2 3 4 5 7 8 9 10 Дұрыс 6 саны жоқ. 1 2 4 5 6 7 8 9 10 Дұрыс 3 саны жоқ. Өрмекші нешеу -? (7) Қанқыз нешеу — ? (6) Қанша торғай отыр — ? (8) 1 – тапсырма. Математикалық жұмбақ есеп. Тал басында тізіліа, он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі, тұр әлі де ілініп жапырақта нешеуі — ? (4) Сергіту сәті: «Қане қайсы, алақан» 2 – тапсырма. Қызықты есептер шығарайық 10 саны шығу үшін 5 + 5 = 10 9 + 1 = 10 2 + 8 = 10 6 + 4 = 10
IV ойын: «Көршісін тап» □ 5 □ □ 3 □ □ 7 □ □ 2 □ 3 – тапсырма салыстыру > < = 2 4 5 5 9 8 6 10
V Қорытынды. 1. Суреттегі фигураларды айтамыз. 2. Суретті жұмбақ есептер 3. Мадақтау бас бармақ арқылы.
VI. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!
|
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылы,
«Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Аманжолова Ақмарал Амантаевна