Home » Мақалалар » Балабақша-білім бастауы

Балабақша-білім бастауы

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі, өсіп келе жатқан жас ұрпақ  білімнің теңдігімен өлшенеді. Барлық білімнің бастауы-балабақша. Тәрбие мен білім егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Жаңа заман баласы-ертеңі еліміздің болашағы.

2022-2023 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқутудың оқу бағдарламасының мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанда дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім  беру жағдайларын жасау, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдылдарын қалыптастыру, мектепке  дейінгі білім берудің сабақтастығы  мен үздіксіздігі  ұстанымдарын қамтамасыз ету.

Бағдарламның мазмұны:балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттілітерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, қолдың ұсақ моторикасын командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына танымдық және зерттеушілік әрекетінің қарапайым дағдыларын  меңгертуге, өнер  туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.

Жоғарыда аталған бағдарламаның мақсаты міндеттері, мазмұнның әрбір пән мұғалімі ерте жас, кіші топ, ортаңғы, ересек және мектепалды топ тәрбиешілері күн тәртібін барлық уақытарында, ұйымдастырылған іс-әрекетдерінде, өткізіп жатқан ертеңгіліктерінде қолдану қажет.

Оқу бағдарламасында тағы бір өзгеріс тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларын 5 дамыту бағыттарының игеріліуі болып табылды. Бұл мониторинг көрсеткіштері, критериялары. Бұл бойынша әрбір бала  бағаланып, оның жеке даму картасы сәйкестендірілетінін айтқым келеді. Әрбір мұғалім және тәрбиеші бұл тәрбиенушілердің  біліктіліктері мен дағдылары үшін қойылған талаптарын жұмыс бабында қолдануы міндетті болатын.

Сол мақсатта біздің «Назира ана» балабақшасында да  балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдайлар қарастырылған.

Балабақшамызда білімді де білікті тәрбиешілер замануи білім берудің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша балаларға сапалы білім беруде. Атап айтқанда, ұйымдастырылған іс-әрекетінде баланың жеке басын құрметтеу, баланы дамыту мақсатында ойын арқылы оқытуға баланы тарту және балаларға тәлім, тәрбие беруде қолдануда. Тәрбиеші Агзамханова З.Ш. «Насекомые», Ташходжаева Х.А «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», Юлдашова И.Б «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыптарында тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамытудың 5 бағыттарын байланыстырып өтті.

Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін  ерте жастан дамытады. Бала болашағымыз, бала қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі деп айта аламын.

                                                                                        Бахрамова Шохида Абдуллажановна
«Назира ана» балабақшасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.