Home » Жаңалықтар » 28 наурыз — Шашу халықаралық өнер фестивалiнiң гала-концертi

28 наурыз — Шашу халықаралық өнер фестивалiнiң гала-концертi

2017 жылғы  28 наурызда сағат 17:00-де М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында I халықаралық «Шашу» өнер фестивалі өтеді. Фестиваль  25 наурызда ашылды.

Ұйымдастырушылар: Астана қ. Білім басқармасы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «ART-ШАШУ» ҚҚ

Фестивалдьдің мақсаты мен міндеті: түрлі мемлекеттердегі  балалар мен жасөспірімдер арасындағы мәдени және достық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылықты қолдау және дамыту, шығармашылық ұжымдардың өнер жетістіктерімен және тәжірибесімен бөлісу, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстанның мәдени байлығымен таныстыру.

«Шашу» халықаралық фестиваліне еліміздің дарынды балалары және жастары, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Саха (Якутия) Республикасының, Қырғызстанның шығармашылық ұжымдары қатысады. «Вокал» (эстрадалық,халықтық, академиялық), «хореография» (халық биі , халықтық – стильді биі, қазіргі заманғы би және   эстрадалық би, балалар  хореографиясы), «инструментальдық  жанр» (соло, ансамбльдер және   оркестрлер), «халық әні» ( халық әнің өзінің сүйемелдеуімен орындау) іспетті жанрлар бойынша 700-ден астам қатысушы  өздерінің шеберліктерін сынайды. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері, Қазақстан Республикасының мәдени қайраткерлері, эстрада жұлдыздары бар.

Фестивальдің алғашқы күні жас өнерпаздар «хореография» жанры бойынша өздерінің қарым-қабілетін сынға салады.  26 наурызда шығармашылық эстафетаны «вокал» жалғастырады, 27 наурызда «аспап» және «халық әні» жанры бойынша қатысушылар өзара бақ сынайды.

Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты және Гала-концерт өтеді.

Бас жүлде кубогын  иеленген қатысушылар  кіріспе жарнасыз қатысу мүмкіндік алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.