25.12.2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МАГИСТАРНТЫ» — 2019 Республикалық байқауында Жүнісханова Қуаныш Жанатқызы жеңімпаз атанып 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда Қазақстанның патриот тұлғаларын тәрбиелеуде интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін ғылыми жетекшісі ЕҰУ-нің профессоры п.ғ.к Ф.Н.Жұмабекова да алғыс хатпен марапатталды. Ұстаз бен шәкіртті жеңісімен бізде құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жанып, абыройларыңыз арта берсін!