Home » Эссе » Мен әдіскермін

Мен әдіскермін

П.Калмырзаева,
№50 “Нұр-Бөбек” бөбекжай–бақшасының әдіскері
Шымкент қаласы

«Мен әдіскермін»
          Эссе

     Мен әдіскермін,қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық иесі.  Әдіскер-балабақша жүрегі, тәрбиеші мен ата-аналардың алтын көпірі деуге болады. Мен таңдаған мамандық мені бір орында отырмай үнемі қозғалыста болуға мәжбүрлейді,  жаңалықтарды табуға, білімімді жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерімді шыңдауға мүмкіндік береді. Күн сайын мен педагогтарға өзімнің білгенімді жеткізуге тырысып, әр күнді жаңалыққа толтыруға тырысамын.
Қазіргі   заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі – жан -жақты дамыған өнегелі,  рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек»- деп  ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов айтқандай қазіргі таңда тәрбиешілерге қойылатын талап ерекше.  Ал тәрбиешілерге қиын да қызықты жұмыстың қыр сырын түсіндіріп,көмек көрсететін әдіскер.  Мен де өз тәжірибемде тәрбиешілердің барынша жан-жақты болуына атсалысамын. Педагогтармен күн сайын кездесе отырып мен олардың жанарларынан сыйластық пен сенімділікті байқаймын.
Әдіскерді тәрбиешілерге жол көрсететін маман деуге  болады.  Ол өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады.  Сондықтан да менің жұмысым – ол тек қана аса жауапкершілікті,  шексіз шығармашылықты талап етпейді сонымен қатар, ол қиын, үлкен күш пен жігерді талап ететін мамандық.  Әдіскер үнемі өзімен жұмыс жасау керек,  жаңаны танып, өресін кеңейтіп,  алдына мақсаттар қоюы керек, және қойған мақсатқа еш қиындыққа қарамай жетуі қажет.  Сонда ғана педагогтар үшін қызықты болып, өз ісіңнің маманы бола аласын.  Әдіскер мамандығының мәні мынада деп ойлаймын:
Үйрету,  болашақты болжай білу,  өзгерістерге дайын болу, мектепке дейінгі мекеменің жағымды имиджін орнату мақсатымен және ұжымда жағымды ортаны құру бағытында жұмыс жүргізу.  Міне осы бағытта талмай жұмыс істеп келемін.   Мен өзімді бақытты сезінемін,  менің жұмысым әр кез жаңалыққа толы, білімімді шыңдай отырып сонымен өз ұжымыммен бөлісе аламын.

Мен әдіскермін!
Деуші еді ғой әдіскер-балабақша жүрегі,
5 жыл болды болғаныма бұл мамандық иесі,
Тәжірибеммен бөлісемін әр кез әріптестеріммен
Өз мамандығыммен бақытты  сезінемін өзімді.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.