Home » Мақалалар » Карантиндегі дәстүрлі «Байзақ жұлдыздары» байқауы

Карантиндегі дәстүрлі «Байзақ жұлдыздары» байқауы

           «Құлақтан кіріп, бойды алар
            Жақсы  ән мен тәтті күй.
            Көңілге түрлі ой салар,

            Әнді сүйсең менше сүй», — деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай,  жақсы ән адамның ой-сансына сан түрлі ой салары анық.  Мұндай сезім  арнайы концерттік бағдаламаға барып, сахнадағы әдемі әншінің әуезді әнін тыңдағанда болады.

          Міне,  Жамбыл облысы Байзақ ауданында өткен жыл сайынғы дәстүрлі «Байзақ жұлдыздары» атты ән байқауы да ауыл көрермендерінің көңілін көтерер көзайымы еді.  Дегенмен, бұл жолғы XXI «Байзақ жұлдыздарының» өту тәртібі ерекше болды. Карантиндік талаптар сақталып, онлайн форматта өтті. Сайысқа ауылдық округтерден 16 мен 29 жас арасындағы сахнаға шықпаған 16 талапкер қатысты. Бас жүлдені Үлгілі ауылдық округының жас өнерпазы Жақсыбек Ақерке жеңіп алды.  Ал, 1-орынды Көкталдық Тәңірберген Төлеби алса, 2-орын Дихан-2 ауылдық округының әншісі Мұқасан  Қалдарға бұйырды, 3-орынды Жаңатұрмыстың жас әншісі Өреш Ақерке мен Абай ауылының дарынды ұлы Ділдәбек Ғани өзара бөлісті.  Онлайн түрде өткен жарыстың қазылар алқасы да әділ болды. Олар ынталандыру сыйлығын Мәдімар ауылының тұрғыны Ешім Аяулым мен Көкөзектегі жас әнші Нұртай Әліпбайға тапсырды.

 Жансая Құрманғалиқызы,
Жамбыл облысы  Байзақ ауданы,
BILIM AINASY

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.