Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
№60 гимназияның ұстаздары мен шәкірттері “Қамқор” қарттар үйіне барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Қарттар айына» орайластырып ұйымдастырылды және мектеп ұжымы биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесуден бастауды жөн санаған екен.
Балалардың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып,
жақсы көңіл-күйде қуана қарсы алып алды. Оқушылар қарияларға амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап әкелген әндерін айтып, өлең жолдарын мәнерлеп оқып, сол жердегі ата-әжелердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.
Қарттарымыз балаларына ақ батасын беріп, «Көп жасаңдар, айналайындар!», «Жақсы бала болыңдар!» деп игі тілегін айтып жатты. Кетер соңында бірлесе суретке түсіп, жақсы-жақсы тілектер айтып, қош айтысты.
Шарапатты шара барысында шәкірттер үлкендерді сыйлау, құрметтеу керек екенін, оларға қызмет ету керектігін түсінді.
Балаларды «Қарттар үйіне» апарып, кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болған №60 гимназия директоры
Абуова Шынар Бөгенбайқызына алғыс айтамыз.
Бұл кездесудің балалар бойында жанашырлық пен қайырымдылық сезімдерін оятып, игі қасиеттерінің қалыптасуына ықпал еткені анық. Қарттар-біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті — ата-бабамыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел — қазыналы ел. Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына — сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей аман-сау күн кешкей.
Кездесу соңында оқушылар өз қатарластарын жақсылықта жарысуға шақырып, эстафета жолдады.
Қазыналы қарттарымыз аман, балаларымыз бақытты, еліміз тыныш болсын!
«BILIM AINASY»
Ақерке Амангелдіқызы