1 қыркүйек — Білім күні. Мектептерде Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған онлайн линейкалар өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаларға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі.
Қашықтан оқыту дегеніміз — оқу процесінде мұғалім мен оқушының қашықтан өзара байланыс жасауы.
Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.
Арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады.
Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс жасайтын болады.
Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ = ОҚУ ТАПСЫРМАСЫ
Бұл оқушылардың қалыпты жағдайда сыныпта жаңа тақырыпты бекіту кезінде, өткен материалды қайталау кезінде немесе үйде келесі күнгі сабақтарға дайындалу кезінде орындайтын тапсырмалары.
Олар өзгерген жоқ. Қашықтан оқыту жағдайында үй тапсырмалары оқу тапсырмалары деп аталады.