Қазақтар итті жеті қазынаның бірі санаған. Ит үйін күзетіп, қорадағы малын қасқырдан қорғаған, мал бағуға көмектескен. Әлемде иттің 600-ден астам тұқымы бар екен, солардың ішінде әрі ақылды, әрі әдемі, сезімтал, пысық, шыдамды, тез үйренгіш неміс овчаркасы болып табылады. Бізде, барлық елде неміс овчаркалары үлкен сұранысқа ие, әсіресе кинология әлемінде қажет.
Қазақстан Республикасы ІІМ Кинологиялық орталығының шақыруымен 2024 жылдың 22 мамыр күні Жас қанат шағын ауданындағы өткізілген Ашық есік күніне, Алматы қаласының №203 жалпы білім беретін мектептің 9,10 сынып оқушылары қатысқан еді, ол жерде қызметтік иттердің қалай жұмыс істейтінін, қалай өмір сүретінін және жаттығу жұмыстарымен танысып, жаңа қызықты мағұлматтар алып, жақсы әсермен оралды.
Полиция қызметкері майор Канафин Руслан Асхатұлы оқушыларды жылы жүзбен қуана қарсы алып, кинология орталығында қандай тұқымдағы иттермен жұмыс жасалатынын, қалай таңдалатыны, оларды қалай жұмыс істеуге үйретіп, қалай жаттықтыратынын таныстырып өтті. Оқушылар қызыға тыңдап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, Руслан Асхатұлынан жауаптарын алды. Келесі кезекте мектеп оқушылары далада қызметтік иттердің қалай жұмыс жасайтынын, олардың мүмкіндіктерін тамашалады.
Бұл экскурсияның басты мақсаты – есірткінің адам өміріне қаншалықты зиян болып табылатынын оқушыларға ескерту және алдын алу шараларын ұйымдастыру еді.
Қазіргі таңда неміс овчаркалары есірткі бизнесінің етек жайып тұрған шағында таптырмас маңызы зор жануар! Оларды кішкентай күшік кезінен үйретеді, кейде үйрету бір жылға дейін созылады екен. Оны жай тамаққа тойдырып, суын беріп қойғанмен іс бітпейді. Жаңа туған нәрестені қалай мәпелесең оларға да сондай жанашырлық, күтім қажет. Олардың адамға деген адалдығында шек жоқ. Тек түсіне білген жөн. Бұл жұмыс жай қараған көзге оңай боп көрінгенмен үлкен жауапкершілікті, тиянақтылықты, еңбекқорлықты қажет етеді.
«Кинолог болу үшін итке бар махаббатыңды беру жеткіліксіз, калай үйретсең, қай бағытта баптасаң ештеңені білмес ит сенімді серігіңе айналады!» — дейді Майор Руслан Асхатұлы! Иттердің жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі екенін білдік, мысалы: есірткі іздеуге бейімделген иттер оны тапкан кезде, бірден жұлқынып көрсете бастайды екен. Ал, жарылғыш заттарды іздейтін иттер затты тапкан кезде ақырын ғана отырады екен немесе иесіне белгі береді,- дейді. Иттер жұмыс барысында берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауға машықтанады. Әсіресе «лабрадор» тұқымды иттердің иіс сезу қабілеті өте жоғары дамыған екен. Осы иттердің қатысуымен небір қылмыстың беті ашылатын көрінеді.
Есірткі сияқты химиялық препараттар адам денсаулығына және жалпы қоғамға үлкен зиян келтіреді. Мысалы, денсаулыққа үлкен қаупі бар. Химиялық препараттар ағзаның зақымдануы, жұқпалы аурулар және көп мөлшерде дозаланғанда өлім сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, есірткіні созылмалы түрде қолдану жүйке-жүйесіне қатты әсер етеді, соның ішінде депрессияны, мазасыздықты, психозды және тіпті суицидке бейімділікті тудыруы мүмкін. Сондай-ақ нашақорлық отбасымен, достармен және әріптестермен қарым-қатынасты бұзады, жұмыстан және әлеуметтік мәртебеден айырады.
Есірткі заттарын заңсыз өндіру, өткізу және пайдалану, заңға және қылмыстың ауырлығына байланысты кең ауқымды жазалар мен шараларды қамтиды. Бұл шаралар айыппұлдар мен әкімшілік жазалардан бастап, бас бостандығынан айыруға дейін болуы мүмкін. Дегенмен, жазалаудан бөлек, нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға мәселені жеңуге және салауатты өмір салтына оралуға көмектесу үшін оларға қолдау көрсету және оңалту маңызды.
Есірткіні анықтаушы иттерді оқыту процесі әдетте бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншіден, иттерге есірткі иісін анықтауды үйрету үшін негізгі жаттығулардан бастайды. Есірткінің иісін дұрыс анықтау үшін сыйлық ретінде ойыншықтарды немесе дәмді тағамдарды пайдаланады. Екіншіден, иіспен байланыстыру. Иттерді әртүрлі есірткілердің иістерін тануға үйретеді. Олар бұл иістерді басқа иістерден ажыратуы керек. Кейін, әртүрлі жерлерде есірткі іздеу: иттерді әртүрлі жерлерде, мысалы, көліктерде, сөмкелерде, контейнерлерде және т.б. жерлерден есірткі іздеуге үйретеді. Олар есірткінің ең кішкентай ізін де анықтау үшін өздерінің хош иісті аппараттарын пайдаланады. Иттер есірткіні анықтауда үнемі жаттығулардан өтіп, дағдыларын жаңартады. Бұл әртүрлі жерлерде және әртүрлі препараттармен жұмыс істеуді қамтуы мүмкін.
Есірткілер иісін анықтаған кезде, ит олардың орналасқан жерін көрсету үшін жиі отыру, жату немесе үру сияқты белгі береді. Мұндай иттерді құқық қорғау органдары, кеден және басқа да қызметтер есірткі контрабандасымен күресу үшін кеңінен пайдаланады.
Иттерді күтушілер әртүрлі салаларда, соның ішінде құқық қорғау, қауіпсіздік қызметтері, құтқару операциялары және тіпті жеке бизнесте маңызды рөл атқарады. Олардың ерекше дағдылары мен кинологиялық қабілеттері әртүрлі заттарды тиімді анықтауға, қылмыстың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Тыйым салынған заттарды жылдам және дәл анықтауды қамтамасыз ететін кинологиялық топтар қылмысқа, контрабандаға және терроризмге қарсы күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейді. Олардың иттермен тығыз ынтымақтастығы әртүрлі қауіптер мен қиындықтарға жауап беруге қабілетті күшті команда жасайды.
Олардың жұмысында жануарларды күтіп-баптау, оларға берілген тапсырмаларды жоғары кәсіби деңгейде орындау үшін оларды сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен тәрбиелеудің маңыздылығына баса назар аударылады.
Кинологтар мен олардың кинологиялық серіктестері тек команда ғана емес, олар құтқарушылар, қорғаушылар және қоғамның достары. Олардың ынтымақтастығы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және қылмыстың алдын алуға көмектеседі, ал олардың бірегей дағдылары мен қабілеттері өмірді сақтайды. Бұл байланыс өзара сенімге, қамқорлық пен сүйіспеншілікке негізделген, олардың жұмысын бәріміз үшін одан да құнды етеді.
Болашақта кинолог мамандығын таңдайтын жас-жеткіншектерге айтар кеңесім – ең бастысы итпен тіл табысып, тыңдата білу, яғни айтқанын орындата білу керек. Басты міндет итті жақсы көру және иттің нені қалайтынын түсіну, өзара тіл табысып байланыс болуы шарт,-деді кинологияның қыр сырын меңгерген майор Руслан Асхатұлы!
Олай болса, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын кинолог мамандар мен олардың ақылды иттеріне сәтті жорық тілейміз!
Мусабаева Галия Елтаевна
№203 жалпы білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі