Home » Мақалалар » Тәрбие мен оқыту сапасын арттырудағы заманауи әдіс-тәсілдер

Тәрбие мен оқыту сапасын арттырудағы заманауи әдіс-тәсілдер

Абдикадырова Алия Слановна
Алматы қаласы
КМҚК №194 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі

Тәрбие мен оқыту сапасын арттырудағы заманауи әдіс-тәсілдер
(семинар) 

Қазіргі заманның ерекшелігі қоршаған ортаның қарқынды өзгермелі болуында. Орын алып жатқан өзгерістер бұрын-соңды болғандарға мүлдем ұқсамайды, ол адамзаттың өмір сүру саласының барлық деңгейіне өз ықпалын тигізуде. Бұл өзгерістердің негізгі сипаты — үздіксіздік, үдемелілік, жылдамдық және жаһандық.  Аталған факторлардың барлығы қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне үлкен талаптар жүктеп отырғаны белгілі.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «…қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі – интелектуалды әлеуеті дамыған жаңа тұрпатты адамды қалыптастыру» — делінген. Еліміздің жаңа тұрпатты тұлғасы бірнеше тіл меңгерген, логикалық ойлау дағдысы қалыптасқан, жаңаша ойлайтын, зиялы азамат болуы қажет.

Білім саласында қабылданған жаңа реформалар педагогтың сипатын да, оның мәртебесін де жаңа бағытқа бұрды.   Жаңа ізденістер мен  заманауи дағдыларды меңгерудің мүмкіндіктері ашылды. Бұл өз алдына әлем кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуына әсер етті.  Сондықтан да педагогтер өздерінің әдістемелік шеберханаларын заманауи әдістермен толықтырады.

Мeктeпкe дeйiнгi кeзeң-бұл aдaмғa өмipлiк құндылықтap жaйындa түciнiк бepeтiн aлғaшқы ұжым. Адамның қаншалықты деңгейде дамуы көбiнe oның сәби шaғындa қaншaлықты тәpбиe aлғaнына, кiмдepмeн қapым-қaтынac жacaғaнынa бaйлaныcты. Қaтынac apқылы бaлa aлғaш peт өмip жoлымeн тaныcaды және танымы қалыптасады.

Осы орайда тәжірибе бөлісу мақсатында 21 мамыр  күні КМҚК «№194 бөбекжай-балабақшасында» мобильді топтың жұмыс жоспары бойынша «Тәрбие мен оқыту сапасын арттырудағы заманауи әдіс-тәсілдер» атты семинар  өтті. Семинардың негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдіс — тәсілдердің тиімділігін іс-әрекетте көрсету.

Семинарға Наурызбай аудандық білім бөлімінің бас маманы Бөбекбаева Шолпан Нусупжанқызы, Әуезов ауданы №56 бөбекжай-балабақшасының әдіскері Калдыбаева Ғалия Серікқызы, Наурызбай ауданы мемлекеттік және жекеменшік балабақша тәрбиешілері  қатысты.

Семинар барысында замануи әдіс-тәсілдер арқылы баланың шығармашылығын, танымын, белсенді іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік жасады. Балалар өздерінің таңғажайып қиялдарын сурет арқылы жеткізуге тырысты. Әртүрлі заманауи әдістерді қолдану арқылы ұйымдастырылған іс-әрекеттер баланың мотивациясын оятты. Заманауи әдістерді қолдану арқылы педагог  баланы ойлануға, практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.

    
Балалардың қолдан салған суреттері өздерінің дүниетанымы мен ішкі әлемін бейнелейді. Қиялдарынан туған дүниелер шынайы өмірді суреттейді. Олар қоршаған ортадан алған мәліметтерін суретке салуға тырысады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде  сурет салу қолданылды.  Суреттердің  тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салды. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б. Балалар көбінесе ертегілердегі кейіпкерлерді салуды ұнатады. Ертегі кейіпкерлерін салу арқылы олар ертегіге деген қызығушылықтарын дамытады. Ертегі образдарын суреттеу, бейнелеу маңызды әрекеттеріне айналады. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің суретін салу арқылы олар адамның бойындағы қасиеттерді түсіне бастайды. Сонымен қатар ертегілердегі табиғаттың тылсым күштері мен құбылыстарын бейнелеуге үйренеді. Осы арқылы табиғаттағы қарапайым заттар туралы түсініктерін кеңейтеді.   Сурет салудың әдістері өте көп. Соның қарапайым түрлері балабақшада қолданылады. Суреттегі түстер баланың эмоциясын көрсетеді. Осындай тапсырмалар баланың шығармашылық қабілетін дамытады.

Семинар әртүрлі іс-әрекеттермен жалғасын тапты. Сонымен қатар мектепалды  даярлық  тобында  қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет және  ересек топта аталған тақырыпқа сай шебер- сынып  көрсетілді. Шебер- сынып барысында педагогтер өздерінің шығармашылық әрекеттерін сурет салу арқылы жеткізді. Әртүрлі тапсырмаларды орындап, қолдарымен әртүрлі бұйымдар жасады. Қағаздан түрлі табиғи заттарды жасады. Бұл педагогтердің креативті мүмкіндіктерін, шеберліктерін көрсетеді. Инновациялық технологияларды, заманауи әдістерді өздерінің іс-әрекеттерінде қолдану маңызды болып табылады. Педагогтер бірнеше заманауи әдістерді қолданды. Атап айтсақ, «Жұмыртқа аршу», «Бэкроним», «Нейросеть», «Ақылды орындық», «Шыбын ұру», «Джиксо», «Кинолентофора», «Танграмм». Танграмм ойынын қолдану арқылы қағаздан әртүрлі геометриялық пішіндер жасаған. Осы пішіндерден әртүрлі геометриялық фигуралар жасауға болады. Бұл педагогтердің математикалық, сыни ойлау дағдысын дамытады.  «Бэкроним» әдісі логикалық ойлау дағдысын қалыптастырады. Әріптер беріледі, сол әріптерді қолданып, сөйлем құраулары керек.

    

Ойын — мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді технологиясы. Баланың танымдық белсенділігін қалыптастыруда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, дүниетанымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Осы орайда ойын әдісі қолданылған болатын. Сергіту сәті ретінде қолданылған ойын түрлері баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыруға көмектеседі. Ойын арқылы бала қызықты қимылдар жасайды.

Сонымен қатар педагогтермен де қызықты ойындар өткізілді. Маңдайларына әртүрлі жапсырма қағаздар қою арқылы әртүрлі заттардың аттары жасырылды.

Педагогтер әртүрлі заттарды қолдарымен жасады. Олардың жасаған бұйымдары шынайы әрекеттен туындады. Креативті ойлаудың нәтижесінде керемет дүниелер пайда болды. Заманауи әдістерді қолдану арқылы балаларды шығармашылық ойлауға, белсенді әрекет етуге үйретеді. Инновациялық мүмкіндіктер бүгінгі білім беру жүйесінің керемет мүмкіндігі болып табылады. Семинар  балалар мен педагогтер арасындағы үйлесімділік пен сабақтастықты көрсетті. Педагогтар баланы жан-жақты дамыту үшін белсенді әдістер мен инновациялық технологияларды қолданады. Сондықтан да педагог өзінің шеберханасын жетілдіріп, жаңартып отырады. Семинарда осы мүмкіндіктерді педагогтер жан-жақты көрсете алды. Олар өздері де бала сияқты ойындарға қатысып, шынайы әрекеттерін, жарқын эмоцияларын бейнелеуге тырысты. Сурет салу, әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы мектепке дейінгі педагогтің іс-әрекетін келген қонақтарға жеткізе білді. Семинар соңында қонақтар алғыстарын білдіріп, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.