Есмағамбет Рамазан Еламанұлы,
Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2 курс студенті
Соңғы кездері елімізде экология мәселесі белең алды…
Швейцарлық AirVisual компаниясының құрған рейтингі бойынша 2018 ж. Қазақстан зауыт және қазба өндірістерінің нәтижесінде ауаға тарайтын көмір-қышқыл газ бен көл, ішетін суларға тасталатын лас қалдықтардың кесірінен экологиясы ең нашар 20 елдерінің қатарына кірді. Уақытылы есеп бермегені үшін, немесе өндірістер жұмысының ережелерін бұзғаны үшін кейбір өндірістік кәсіпорындарының жабылып жатқаны рас. Алайда, жеке меншікті шикізат өндіру кәсіпорындарының жабылуы ресми және бейресми сараптамалар бойынша 38,46% кеміді. 2016 жылдың көрсеткіштеріне сүйенсек, жеке меншікті шикізат өндіру кәсіпорындарының 8-і ғана жабылды. Ал, 2019 ж. Қазақстандағы 2 қала мен 7 облыста жаңадан ашылған кіші және орта деңгейлі кәсіпорындар 42,3% жоғарылады. Алматы қаласында 11 жаңа кәсіпорындары ашылып, 1 орынға ие. Оның ізінен қалмай, ілгері келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласында 5 жаңа ашылған өндірістік кәсіпорындары бар. Бұл көрсеткіштерге сүйене отырып, орынды сұрақ туындайды: санитарлық бөлімнің талаптары бойынша гигиена сақтау нормаларына сай келмейтін өндірістік кәсіпорындары неге әлі жабылмаған? Бұл басы көрінбес жыланның аты «жемқорлық». Жемқорлықтың азуы еліміздің белін қайыстырды. Ақтөбедегі хромның ауа, су бассейніндегі концентрациясы және оның топырақ пен қар қабатында жинақталуы, Теміртаудың бетін басқан қара күлі, тіпті, еліміздің символы елордамыз НҰР-СҰЛТАННЫҢ өзі мәз емес. Зауыттар мен жеке өндіру кәсіпорындарының қалдықтарын утилизациялау үшін тиісті жерге тапсырудың орнына артық ақшаны аяп, теріс адамдарға «елді мылқау қыл!» — деп пара ұсынады. Аталған кәсіптік нысандарды қарашасына келтіріп жатқан залалын өтеуіне міндеттеу қажет. Егер жаңа заманның азаматтары жемқорлықпен жұмырланып күреспесе, өз елімізде екінің бірінің таптаурынында қалғанымыз тек біздің кінәміз болмақ. Бұл істің басын «Әділет» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жобасы бастады. Ендігі үмітіміз жас мамандарға артылмақ. Егер бұл эстафетаны жалғастырып алып кетсе, қаншама жазықсыз жандарды аман сақтап қаламыз.
#Әлемдісақтайық#жемқорлыққажолжоқ#тәуелсізҚазақстан#freedomKazakhstanineconomical