Таджибаева Айжан Кенжебекқызы,
Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясының
бастауыш сыныптар бойынша директор
орынбасары, мектеп үйлестірушісі
Үстіміздегі оқу жылының ІІ-тоқсанынан бастап мектеп үйлестірушісі ретінде жаңа серпінмен жұмыс бастағым келді. Педагогикалық шеберлік орталығынан алған біліміме сүйене отырып, мектепте жаппай зерттеу сабағын ұйымдастыруды қолға алдым. Ондағы мақсат- мектепте білім сапасының артуына үлес қосу және мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру еді. Еңбек шартының 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес, мектепішілік шығармашылық-танымдық ойлау әрекеттерін дамыту жолындағы мұғалімдернің құзіреттілігін арттыру мақсатында шығармашылық топ құрылған болатын. Осы шығармашылық топ мүшелерін жауапты етіп мектепішілік бұйрықпен бекітілді.Топ мүшелерін әр буынға бөле отырып өзім бастауыш 2-3 сынып параллелдерімен бастадым. Жалпы мектепішілік құрылған топты мектепте сабақты зеттеудің Lesson Study тәсілін іске асыруға арналған әдістемелік ресурстар жиынтығымен таныстырдым. Сабақты зерттемес бұрын әр сыныпқа топ құрдық. Олардың біреуі сабақ берсе қалған үш мұғалім А,В,С деңгейдегі оқушыларды бақылаушы ретінде зерттейді.2 в сыныбының жетекшісі Сейтбекова Жаннұр зерттеу сабағын өз сыныбынан бастауды өтінді. Жаннұр топ мүшелеріне өзінің сыныбында біраз кемшіл тұстар барын және ата-ана тарапынан да қолдау көрмей жүргенін баяндады. Топ мүшелері «Мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру? » сұрағы аясында жұмысты бастап кетті. 2 сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, жоспар құрылды. Сабақты жоспарлауда назарға алынған оқушылардың деңгейіне сәйкес тапсырмалар кірістірілді.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген сөздері бүгінгі күннің даму ерекшеліктерін мықтап дәлелдеп бергендей. Lesson Study-мұғалімнің тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Аталған үдерісте оқушылардың білім сапасы көтеріліп қана қоймай, мұғалімдер де кәсіби жетілуіне ықпал ететініне сеніммен қарадық. Сабақты өткізуге дейін оқушыларға сабақ зерттелетінін және сыныпта сабақты бақылаушы мұғалімдердің және қонақ ретінде ата-аналардың болатынын ескерттік. Сонымен, әріптесіміз Сейітбекова Жаннұр алғашқы зерттеу сабағын әдебиеттік оқу пәнінен өткізді. Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағанбетовтың «Сыбырлақ» өлеңі. Ұйымдастыру кезеңінде «Досыма тілек» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне тілек тіледі. Өткен сабақты пысықтады, үй тапсырмасы ретінде «Ақылшым мұғалім» өлеңін жатқа айту екен, оқушылар үй тапсырмасын жақсы орындап келген, алайда зерттеудегі В,С тобындағы оқушылар үй тапсырмасын орындамай келген. Сабақ соңында топ мүшелері бірлесе сабақты жоспарлады және зерттеудегі оқушыларға бағытталған әдістерді кіріктірді. Келесі сабақта бірлескен жоспарымыз жемісін берді десекте болады. В- тобындағы оқушы сабаққа белсене қатыса бастады. Осылай Lesson Study зерттеу сабақтың үшінші циклында өткізіп болған соң топ мүшелері талқыладық.Зерттеу нәтижелерін құжаттау мақсатында топ мүшелері ақылдаса келе, материалды жинақтауға файл папка арнауды шешті. Фотосуреттер мен бейне жазбалардыжұмыстың дәлелі ретінде компьютерде сақтауды ұйғарды. Lesson Study зерттеу сабағымыз келесі аптада 2а сыныбымен 3а сыныбында жалғасын тапты.Әр параллельден зерттеуге қатысатын топтар құрылды. Үйлестіруші ретінде екі сабақтыда бақыладым. Асхат Алимовтың бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімдіекі түрі бар:1)сабақтарды бірлесе жоспарлау: 2)өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау және талқылау — деген сөзіне толықтай келісемін.Сабақтан кейінгі талқылауда оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу нәтижелерін қолданып сабаққа жағымды өзгерістер енгізу арқылы сабақ жоспарын жақсартып отырдық.Сабақты зерттеу топтарының жұмысы туындаған проблеманы шешу мақсатында кемінде үш сабақтық үдерістен құрадық, өйткені бір немесе екі сабақ ауқымында проблеманы шеше алмайтын едік. Мектеп үйлестірушісі әрі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болғандықтан, тек бастауыш сыныппен шектелмей,Lesson Study әдісінің тиімділігіне сүйене келе, орта буындағы білім сапасы төмен, пән мұғалімдерінің көңілдері толмайтын 9в сыныбымен жалғастыруды жөн көрдім. Сынып жетекшісі әрі математика пән мұғалімі Тулендиева Саулемен ойымды бөліскенде, ол қуана келісіп қана қоймай бірінші өз пәнінен бастағысы келетінін айтты.Сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арасынан зерттеу тобын құрдық. А, В,С деңгейдегі оқушыларды анықтап бөлістік. Бірлесе жоспар жасап сабақты бастадық. Сабақты зерттеуге математика , физика, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алғашқы сабақтаөзгеріс байқала қоймасы анық. Сабақтан соң бірлесе жоспар құрдық. Топтың әрбір мүшгесі өз тәжірибелерімен әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Екінші сабақта В деңгейіндегі оқушыдан сабаққа деген белсенділік байқалды.С деңгейіндегі оқушыдан еш өзгеріс байқалмады. Дегенмен, аздаған өзгерістің өзіне топ мүшелері қуаныды. Сөйтіп, үшінші сабақты басқаша жопарладық. Келесі күнгі сабақта бақылаудағы С тобындағы оқушы зерттеу тобындағы мұғалімдерді ерекше қуанышқа бөледі. Ол есепті тақтаға шығарып қана қоймай, оны шығарудың жолдарын, қай формулаға сүйенгенін баяндап берді. Сабақ соңында А тобындағы Қ есімді деген қыз бен С тобындағы Десімді оқушының үнін тыңдадық.
Осылай, еңбектің еш кетпейтініне тағы да көз жеткіздік.Қиын деп табылған 9в сыныбын тек математика пәнінен зерттеп қана қоймай келесі аптасында осы сыныппен тарих пәнінен зерттеу сабақты жалғастырдық.