Home » Мақалалар » АЖЫРАСУДЫҢ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ

АЖЫРАСУДЫҢ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ

Жамбыл облысы,Байзақ ауданыБайзақ ауылы
С.Абланов атындағы орта мектебінің
педагог-психологы Есимова Гульнур Зауирбековна

  •   «Отбасы — шағын мемлекет». Осы тіркес соңғы онжылдық көлемінде, телеарналар мен баспасөз беттерінде көп қолданылғаны байқалады. Сандарды сөйлетудің шеберіне айналып бара жатқандаймыз. Бүгін осы күрмеуі қиын мәселенің, қиындығы баланың психологиясына әсері қандай екендігін айтатын боламыз. Кей жас жұбайлардың уақыт келе, тіпті сол шаңырақ құрған жылы-ақ ажырасып кеткендігін естіп жатамыз. Сол сәтте ойымызға бірден мына бір сұрақтар тізіле кетеді: «Осындай шешім қабылдауларына не себеп болды екен?!», «Кім кінәлі», «Перзенттері кімде қалады екен?», «Қайта отбасын құрады ма екен?», «Оның зардабы қандай болмақ?». Ендеше осы көкейімізде жүрген сұрақтарға жауапты бірге іздеп көрейікші.
         Тұрмыстық ауыртпалықты мейлінше сезе білгендер өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарайды. ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл көрсеткіш оңтүстік өңірлерде әлі де болса қазақи дәстүрлі ұстанымдардың бар екендігінің көрінісі болса керек.
    Әр үйдің сыры басқа демекші, әр отбасының ажырасу себептері де әртүрлі. Қазақстан мен Орталық Азия отбасы Институты сараптамасына сүйенсек ажырасудың негізгі себептері:Психологиялық себептер:
    Перзентсіздік
    Түсініспеушілік
    Отбасылық құндылықтың болмауы
    Сенімсіздік
    Менмендік
    Қателіктерді мойындамау;
    Ішімдік;
    Есірткі;
    Интернет және теледидар
    Махаббат көріністерінің азаюы;
    Әлеуметтік себептер:
    Тұрмысқа қажетті заттардың болмауы;
    Тұрғылықты орынның болмауы;
    Ерлі зайыптылардың бірінің екбекке жарамсыздығы;
    Жұмыссыздық;
           Перзент сүю көп адамның қол жетпес арманына айналғалы қашан?! Барын бағаламай, бозда ойнап жүрген жандар да жетерлік. Балаларының болашағын ойламай, жеке басын ойлайтын бала мен келіннің бүгінгі ойының түйіні ажырасуға келіп тоқтайды. Оған ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Дегенмен балаға енді ғана өмірге бейімделіп, өмір дейтін алып кемеде күресу үшін оған тәрбие мен ата-ананың қолдауы керек. Ата-анасының алдында еркелеп өскен бала мен жартылай отбасында жетілген баланың айырмашылығы болады. Мойындамасқа болмас……
    Ата-ананың ажырасып, араларында кикілжің тууы бала үшін үлкен «апат» секілді. Олар қандай жаста болсада, барлығын жүректері сезеді. Үйдегі аураның өзгергендігін байқайды. Кінәні бір адамға ғана арта алмаймыз. Дегенмен баланың болашағын ойлайтын ата-аналар болса, олар мәселені ажырасумен шешпейтін болар еді.
    Зерттеулер көрсететіндей, ажырасудың кесірінен бала тағдыры талқыға түсуде.
    Ата-аналары екі бөлек кеткен балаларда мына жайттар жиі байқалады:
    ашу-ыза, уайым, депрессия
    мінез-құлқындағы ауытқулар
    оқуға ынтасыз болу немесе мектепке бармай қою
    аурушаңдық
    Бұған қоса кей балалар ата-анасының ажырасқанына өздерін кінәлі санайды. Олар “ата-анам менің кесірімнен ажырасты” немесе “оларды тоқтатуым керек еді” деп ойлайды.
    Ажырасудың ащы салдары балалардың кейінгі ересек өміріне де көлеңкесін түсірмей қоймайды. Олар өзгелерге сенуден қалған, жасық, өздерін түкке тұрғысыз санайтын адам болып өсуі мүмкін. Мұндай балалар кейін некелерінде қиындық туындағанда, ажыраса салуға бейім келеді.
  • Бала-өмірдің шамшырағы, ғұмырымыздың мәні. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор екенін естен шығармайық.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.