Home » Мақалалар » ЖАС РЕЖИССЕРЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

ЖАС РЕЖИССЕРЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім басқармасының Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «BILIM анимация» облыстық байқауы өтіп, жеңімпаздары анықталды. Байқау – оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру мақсатын көздеді. Анимациялық бейнероликтер байқауына облыс бойынша 50-ге жуық оқушы қатысып,  бақтарын сынады. Бейнероликтер байқауына аталмыш саланың білікті мамандары қазылық етіп, жеңіске лайықты қатысушыларды анықтады.
      Расында, еліміздегі кенжелеп қалған саланың бірі – анимация. Шетелдік туындыларға тәуелді болып отырғанымыз содан болса керек. Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардан қол үзе бастағанымызға да осының ықпалы бар. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу қажет-ақ. Ал бұл конкурстың соған қозғау салады деген үміт мол.
Онлайн байқаудың шарттарына сәйкес қатысушылар «Мен еріктімін!», «Менің елімнің тарихы», «Балалардың бал мекені» және «Қызықты робототехника» тақырыптары бойынша 2-3 минуттық анимациялық фильм әзірлеу керек болды. Қатысушылардың туындылары білім басқармасының  «YouTube» желісінде жарияланып, жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне электронды пошталарына арнайы дипломдар мен Алғыс хаттар, қатысқаны үшін сертификаттар жолданды.
Бейнероликтер байқауының нәтижесінде:
«Мен еріктімін!» номинациясы бойынша
І орын – Сарысу ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназияның  5 сынып оқушысы Байзақ Аружан;
ІІ орын – Шу ауданындағы Еңбекші орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рахыш Қарақат;
ІІІ орынды – Сарысу ауданындағы Жаңаталап орта мектебінің оқушысы  Айдар Шарапат жеңіп алды.
«Менің елімнің тарихы» номинациясы бойынша:
І орын — Сарысу ауданындағы Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Әтейбек Досымжан;
ІІ орын – Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Марат Дана;
ІІІ орын – Сарысу ауданындағы Әйтеке би атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Қуанышбек Бекболат жеңіп алды.
«Балалардың бал мекені» номинациясы бойынша:
І орын – Сарысу ауданындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Әбдіғали Нұрзат;
ІІ орын – Тараз қаласындағы №41 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Абсатар Бек;
ІІІ орын – Сарысу ауданындағы «Ақтоғай» орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мадияр Сымбат жеңіп алды.
«Қызықты робототехника» номинациясы бойынша:
І орын – Қордай ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Маулен Арайлым.
ІІ орын – Сарысу ауданындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Байбосын  Мерей.
ІІІ орын – Қордай ауданындағы №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Қалдарбеков Мансұр жеңіп алды

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.