Home » Мақалалар » «ХИМИЯ ӘЛЕМІ» үйірмесі

«ХИМИЯ ӘЛЕМІ» үйірмесі

Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
Балалар мен жасөспірімдер
Сарайының қосымша қосымша
 білім беру педагогы
Амзина Мейз Сергазиновна

 

Сабақтың тақырыбы: «7 МЕТАЛЛ — 7 ҒАЛАМШАР»

Оқу мақсаты:  Металдар тарауы бойынша алған білімдерін қайталап, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Сабақ мақсаттары:

  • химиялық реакция теңдеулер жазғызып, тәжірибе жасату.
  • тәрбиеленушілердің пәнге деген  қызығушылықтарын арттыру.
  • өз бетінше жұмыс жасауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
  • алған білімдерін өмірмен байланыстыруға үйрету.

Сабақ түрі:  қайталау сабағы

Оқыту әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, зертханалық әдіс, топтық және жұптық жұмыс, ойын элементтері.

Оқу ресурстары: Химиялық элементтердің периодтық кестесі, Металдардың электрохимиялық кернеу қатары,  ҚР пайдалы қазбалар  картасы, Қ.И.Сәтбаевтың суреті, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме қағаздар, ғаламтор суреттері мен мәліметтері т.б.

ОТҚ: Интербелсенді тақта,  және зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер: шыны стақан, сынауықтар, өлшегіш колба, қысқыш, дистилденген су, индикатор фенолфталеин, металл натрий, бензин, аммоний хлориді, қорғасын нитраты.

Пән аралық байланыс:  тарих, география, биология, физика, астрономия.

Сабақтың эпиграфы:

Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар.

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. (Абай Құнанбаев) 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылығын ояту

  1. «Ойтүрткі» миға шабуыл

ІІІ. Мағынаны тану. Металдар тарауын қайталау

  1. «Білім жемісі» сұрақ-жауап
  2. «Химиялық эстафета» реакция теңдеулері
  3. «Кел дос болайық» формулалар құрастыру
  • Сергіту сәті

Ү. «Қызықты тәжірибелер»

«Секірмелі натрий», «Стақандағы қысқы көрініс» тәжірибелерін көрсетіп, тиісті реакция теңдеулерін жазу.

  1. Рефлексия «Ашық микрофон» әдісі

Сабақтың барысы:

І. «Ойтүрткі» (Тақырыпты ашу)

 Ақылды ойлап, түйгенін айтады,

 Ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.

Әрбір сабақты халықтық педагогикамен байланыстырып өту – қазіргі кезде мұғалімдердің алға қойған өзекті міндеттерінің бірі. Осы мақсатта

7 МЕТАЛЛ-7 ҒАЛАМШАР тақырыбын өткенде халықтық педагогиканың элементтерін қолдануды жөн көрдім. Тақырыпты ашу мақсатында қазақ халқының ежелден пір тұтып келе жатқан, алхимиктер мойындаған сыры жұмбақ сиқырлы санның бірі — жеті санының сиқырлы күші бар деп санаған. «Жеті қазына», «Жұт жеті ағайынды», «Жеті ата», «Жеті жұт», «Жеті жоқ», «Жеті жоқ», «Жеті ғашық», «Жеті период», «Жеті металл» сөз тіркестерін айта отырып бүгінгі сабақ тақырыбын ашу. Алхимиктер жерде жеті металл жеті ғаламшарға сәйкес келеді деп есептеген. Ай – күміс, Күн –алтын, Юпитер – қалайы, Марс — темір, Сатурн – қорғасын, Шолпан –мыс. Ата — бабаларымыз бұл металдарды зергерлік бұйымдар, тұрмыс заттарын жасуға пайдаланған.

Бастарында элемент таңбалары мен ғаламшар суреттері салынған тәрбиеленушілер отырады. «Жеті металл» өздерінің физикалық қасиеттерін сипаттап, ашылу тарихын айтып, металдар құпиясымен ой бөліседі.

ІІ. «Білім жемісі»

  1. Жекелей тапсырма (сұрақ-жауап)
  2. Топтық жұмыс  (металл тұздарының құрылымдық формуласын құрастыру) постер қорғау.

Ақыл-тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен.

Үстел үстіндегі өрнектелген «Сыр сандықтың» ішінде әр түрлі әшекей бұйымдар бар. Әр бұйымдарға сұрақ жазылған карточкалар байланған. Бір оқушы сандықтағы барлық бұйымдарды алып көрсетеді. Оның әрқайсысындағы сұрақтарға тәрбиеленушілерден тез жауап алады.

1.Металдардың патшасы? (Алтын)

2.Металдардың  электрохимиялық кернеу қатарын ашқан ғалым?

(Орыс ғ. Н.Н.Бекетов)

3.Қазақстан металлогения ілімінің негізін қалаған ғалым?

(Қ.И. Сәтбаев)

4.Сыртқы қоршаған ортаның әсерінен металдардың бүлінуі не деп аталады?        (Коррозия)

5.Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны?(Темір)

6.Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

Электроника саласында ірімін.

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін? (Алюминий)

7.Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық.

Буланбас қайнатсақта отынды үйіп,

Көрсететін суықты, жылуды анық.

Қандай зат-құрал жасар соны құйып? (Сынап)

  1. Бактерицидтік металл? (Күміс)
  2. Консерві қалбыры жасалатын металл? (қалайы)

10.Қазақ балалары ұлттық ойында  жәнеде оқ жасауда  қолданатын металл? (қорғасын )

  1. Металл тұздарының құрылымдық формуласын құрастыру.

FeSO4, CuCI2

AgNO3, AuCI3

ІІІ. «Химиялық эстафета»

Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта.

Генетикалық өзгерістерді жүзеге асырып,теңдеулерді теңестіру.

Fe-FeO-FeCl2-Fe(OH)2-Fe(OH)3-Fe2O3-(FeNO3)2-Fe(OH)3-Fe2(SO4)3.

Сергіту сәті   «Оқуда озат боламын»

ІҮ. «Кел дос болайық»  Жұптық жұмыс

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан металл тұздарын құрастырып, сол тұздардың аттарын атап шығу. (Шатасқан формулалар)

Fe2, Au, Cu, AI2, Sn, Pb, Ag2, Hg, SO4, CI3, S3, (SO4)3, (NO3)2

Ү. «Қызықты тәжірибелер»

«Секірмелі натрий», «Стақандағы қысқы көрініс» тәжірибелерін жасап,тиісті рекция теңдеулерін жазып,теңестіру.

  1. Рефлексия «Ашық микрофон» әдісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.