Күміс Әсем Асанқызы
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
көп балалы ана
Қазіргі бүкіл елде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты білім ошақтарында білім беру тоқтап қалған емес. Иә, білім алу жалғасуда . Қашықтықтан оқыту бүгінгі күннің заман талабының бірі . Өз-өзімізді COVID-19 дертінен қорғау мақсатында , оқшаулау арқылы балаларымыз мектепке бара алмай отыр, бірақ заманауи технологияның қарқынды дамуының арқасында қашықтықтан оқыту онлайн жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Бастапқы кезде оқушыға да , ата-анаға да қиыншылықтары мен кемшіліктері қатар соқты. Қашықтықтан оқыту процессі жүйелі , әрі тиімді ұйымдастырылып, ұстаздардың білікті тәжірибелерінің арқасында білім алушылар мен ата-аналардың көзқарастары жақсы қалыптасып , мектеп өміріне еніп келеді. Білім алушылар интернет ресурстарын кеңінен пайдаланып, әртүрлі оқытудағы пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызын түсінуді үйренді.
Қашықтықтан оқытудың жағымды жағы да жоқ емес. Оқушы, ата-ана мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас тығыз байланыса бастағандай. ата- аналары өзбалаларының білім деңгейлерінің қаншалықты екенін анықтай отырып, үлгерімдеріне көз жеткізуде. Бұл бұрыңғы жұмысбасты ата-анаға тиімді және қолайлы болып , қашықтықтан оқыту арқылы оқушыға екі жақты тәрбие мен білім берілуде.
Сонымен қатар, көп балалы отбасылары мен тұрмыстық жағдайы орташа отбасының балаларына да «Балапан » , «Ел Арна» арнасындағы бейнежазба сабақтары балалардың өз білімдерін жетілдіруге көмегін тигізуде.
Осындай қиыншылықты кезеңде қазақ халқы бірігіп, «жеңбейтін қиындық , алынбайтын қамал жоқ» дегендей , бұл күндерді де артта қалдыратынымыз-ға сенімім мол! Біз біргеміз!