Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Маңғыстау  облысы
Қарақия ауданы
Құрық аулының «№ 1 орта мектебі» КММ-сінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Маширова  Фариза Есенкуловна

     Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар көктемгі демалысқа ерте босатылды. Сәйкесінше, олар төртінші тоқсанды 6 сәуірден, қашықтықтан оқыту форматында бастады. Оған мұғалімдер тыңғылықты дайындалды. Ал, ата-аналарға каникул уақыты аяқталған соң онлайн оқудың қалай ұйымдастырылатыны қызық болды. Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің мамандары орта білім беруді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда жобалық кеңсе құру арқылы әлем елдерінің тәжірибесін қолданып келеді. Мектептер мен ұстаздар үшін онлайн теле-курстар, вебинарлар әзірленді.

Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшуі жөнінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «5 сәуірден кейін жағдай реттелмейтін болса, біз қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге дайынбыз. Қазіргі уақытта осы жүйені контентпен қамтамасыз ету, оны толтыру, педагогтарды оқыту, сервистерді тестілеу және басқа да жұмыстар жүргізілуде», – деді.

Жалпы, бұған дейінгі оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысып, қашықтықтан білім беретін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» интернет ресурстарындағы курстарға қатысып жүргені белгілі еді. Қазіргі уақытта да әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер цифрлық білімін арттыру мақсатында аталған ресурстармен жұмысын жалғастырып келеді.

«Қашықтан жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын» – деп жазды өзінің Facebook парақшасында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Оның сөзіне сүйенсек, қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері, қағидалары басқа. Сондай-ақ, оның уақыты қырық минутпен шектелмейді.

Қағидасы басқа онлайн сабақтар төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн өткізіліп жатыр.. Онда бейнесабақтар кестеге сай көрсетілуде. Мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленген. Инклюзивті білім беру де назардан тыс қалмаған..

«Теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады» – деген еді  вице-министр Шолпан Каринова.

Онлайн сабақтар төңірегінде ата-аналардың пікірі де сан алуан.

Ата-ана:

– Мұғалім онлайн сабақ үшін Google-дан аккаунт ашу қажет екенін айтты. Біз үшін соның өзі күрделі. Интернет жүйесі дұрыс істемейді. Мұғалімдердің көбісінде ноутбук жоқ. 6-8 баласы бар аналардың жағдайына кім қарайды? Кері байланыс жағы қалай болар екен? – деп алаңдадық.. Өзім мұғалім әрі екі балам мектепте оқушы болғандықтан қашықтықтан оқыту қалай болар екен деп қинал,агымды жасырмаймын.Алайда қашықтықтан оқыту тиімді екенін айтқым келеді.

Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар (тіпті өте жиі емес) компьютермен  кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен  айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту- ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы.Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.