Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№4 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Достанова Нурсауле Даулбековна
Әрбір күн бізге өз жаңашылдығымен, өзіне тән жақсылықтарымен қатар, қиыншылықтарымен де келуде. Әрбір өткен күн – біз үшін сын, алған тәжірибе болмақ. Сол сындардан қаймықпай өту де өзіндік ерлік деп санаймын.
Қазіргі таңда біз үшін сын болып отырған – Короновирус індетінің туғызған қиындықтарын БІЗ болып бірге жеңу!
Ұстаздар мен білім алушылардың және олардың ата-аналарының басты міндеттерінің бірі – ешбір тосқауылға қарамай білім алуды қашықтан жалғастыру.
Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасындағы қандай да арақашықтықтың кедергісіне қарамай, интернет ресурстарының көмегімен өтілетін оқытудың белгілі бір формасы. Қашықтан оқытуды онлайн режимдегі оқытумен шатастырып алмаған абзал.
Бүгінгі күні қашықтан оқуға мұғалімдер де, білім алушылар мен ата-аналар да дағдыланып, үрей, қорқыныштарын жеңіп, төселуде.
Мысалы, мен 2019 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Дәулет селосындағы №4 ЖББ орта мектебінде (директоры Күлмеханова Д.Т.) өзімнің еңбек өтілімді жас маман ретінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастадым.
Мектебіміздің білікті, тәжірибелі ұстаздарының және әдіскеріміз Қожабергенқызы Маржанның арқасында түрлі семинар, курстарға қатысып, тәжірибе алмасып, қазіргі таңда қашықтан оқытуға дағдыланып келемін. Осы орайда, әрбір ұстаз өз мамандығын қателеспей таңдап, қызығы мен шыжығы мол білім жолында өзінің білім алушыларына бар ынта-ықыласымен, сүйіспеншілігімен білім берер болса, онда ол өзінің де, өзгенің де көңілін жайландырып, білім нәрін мол сусындатады деп есептеймін. Сонда ғана осындай аяқ асты болған төтенше жағдайларда, қашықтан оқыту кезінде ұстаз өзінің білімі мен тәрбиесін ешбір қиындықсыз шәкірттеріне бере алады.
Сондықтан да білім алушыларға өзімнің бар білімімді үйретуде қиындық туғызып жатқан жоқ, оның бір себебі жаңа технологияларды жетік меңгеруімнің арқасы деп білемін.
Бүгінігі таңда бастауыш сынып оқушыларына Mektep.edu.kz платформасы, www.Opiq.kz, YouTube, whatsapp желілері арқылы білім алушылармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болып, жоспарға сай сабағымды өткізіп жүрмін.
Әрбір қиындықтың артында үлкен қуаныш бар, бүгінгі күнгі қиындықтарды біз бірлесе отырып қана жеңе аламыз — ұстаздар, білім алушылар мен ата-аналар! Мен оған сенімдімін. Біз біргеміз, БІЗ жеңеміз!