Home » Мақалалар » «Жаңа форматтағы білім»

«Жаңа форматтағы білім»

Кошаева Анар
Қарақия аудандық білім бөлімі
«Құрық ауылының №11 орта мектебі» КММ-нің
Өзін-өзі тану мұғалімі

        Әлемде болып жатқан қиындықтардан біздін ел де тысқары қалмады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқу жылының соңғы тоқсанында қашықтықтан оқытуды бастап кеттік. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұл бастамада дұрыс шешім қабылдағанына ұстаздар қауымының күмәні бола қоймас. Қашықтықтан оқытуда  мұғалімге, оқушыларға тіпті ата-аналарға  компьютермен күнделікті жұмыс істеуге тура келіп отыр. Оған жан-жақты дайындықсыз сабақты жаңа форматта басталып кетуі әрине тәуекелдікке барумен тең.  Министірлік тарапынан білім алушылар мен оқытушыларға барлық мүмкүндіктер қарастырылып, әр кемшіліктерді  бақылауға алып дер кезінде түзетулер мен толықтырулар енгізілуі осының айғағы болса керек. Аз уақыт ішінде негізгі пәндерге арнап, телесабақтардың дайындалуы және олардың еліміздегі «Ел Арна», «Балапан» телеарналардан кесте бойынша берілуі оқушылар мен ұстаздар үшін үлкен көмек болды. Алғашқы онлайн режимдегі сабақ беру тәжірибелерін ұйымдастыру  он нәтиже бермеді. Оған  ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың сапасы  кедергі болды. Соған орай цифрлық білім беру түрлерінін қолжетімді  ресурстарын ұсына білді. Сонымен қатар ұстаздарымыз жиі қолданатын  Bilimland, Darin online т.б. ресурстары  ұстаздарға  үлкен көмек болып отыр. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтардын сақталуы бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға өте қолайлы.  Ұстаздар үшін сабақты ұйымдастыруда әртүрлі әдістерді тандауда өзіне ерік берілуі, орынсыз есеп беруді талап етпеуі үлкен көрегендік болса керек. Ол бұл іске деген жауапкершілікті арта отырып, әр ұстаздың мүмкүндігін ескеру. Көш жүре түзеледі-дегендей,  дер кезінде шығып жатқан нұсқаулықтармен таныса отырып, қашықтықтан оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеріп келеміз. Бұл тек  мұғалімге ғана емес, білім алушылар мен оны үйде қадағалап отырған ата-анасы үшін де үлкен сабақ болды.  Мұғалімдер арасында жаңа ақпараттық технологияны менгеру жас мамандарға көп қиындық тудырмайды. Оқушыларымыз да смартфондарды, компьютерлердегі  қажетті  ақпараттарды тез игеріп алады. Алайда  үлкен көп жылдық тәжірибесі бар ұстаздарымыздың біраз жұмыстануына тура келеді.   Ең бастысы ақпараттық құрылғылардың жоғарғы  сапалы қызметі басты маңызға ие болып отыр.  Біздің №11 мектебіміз орналасқан  Құрық ауылына қарасты Аппақ елді мекені оралмандар ауылы екенін ескерсек, біршама кедергілер бар. Соған қарамастан әкімшілік, мектеп тарапынан барлық  жағдайлар  қарастырылды.  Бүгінгі мүмкүндіктерді қолдана отырып, сабақты WhatsApp , Telegram арқылы  жүргізіп отырмыз. Сабақты ұйымдастыруда ТД  сабақтарын ұсыну, оқулық бойынша талдап, кері байланыс орнату, жеке чаттар ашу т.б. электронды журналдарды толтыру біздін бұрынғы жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Осы аз  уақыт оқушыға сыныптағы сабақтың артықшылығы мен ерекшелігін сезіндірсе,  бәлкім ата-анаға ұстаз еңбегіне сыйластықпен қарауды үйретер. Ал ұстаздар қауымы қандай жағдайда болмасын- болашақ ұрпағымыздың білім алуына қызмет ету басты парызы болмақ. Қорыта келгенде қашықтықтан оқыту үшін ең бастысы әр білім алушы мен оқытушының үйінде қажетті ақпараттық-техникалық  құралдардын болуы және байланыстың сапасы жоғары болғаны  қажет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.