Маңғыстау облысы.
Түпқараған ауданы.
Ақшұқыр ауылы.
Ақшұқыр мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Шолпан Айжарыққызы
Бүкіл әлемде коронавирус індетінің алдын алып, таралуына жол бермеу мақсатында біздің елімізде де төтенше жағдай жарияланған болатын.Карантиннің ең тиімді тәсілі-үйден шықпай,тәртіпке бағынып, уақытты тиімді пайдалану. Президентіміздің жасап жатырған сақтық шараларына қолдау білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің бұйрығы негізінде қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу жүйесі де өз жұмысын бастады.
Қазіргі таңда ақпараттандырылған ғасырда озық технологияны жетік меңгерген оқушылар үшін қашықтықтан оқыту жүйесі аса қиын емес. Олай дейтініміз, қашықтықтан оқу жүйесін Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейі оқушылары алғашқы аптада меңгеріп алды.Қашықтықтан уақытша білім алу жүйесі ұстазға да , оқушыға да тиімді және өте ыңғайлы. Себебі оқушы оқшауланып уақытын тек білім алуға жұмсайды.Ғаламтор байланысы арқылы оқушы пән оқытушыларынан тапсырмаларын алып, сұрақтарын тікелей қоя алады.Ал ұстаз тақырыпқа сай тапсырмаларды беріп, оның дұрыстығын тексеріп, кері байланыс жасап, оқушыға әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығады.Сөйтіп оқушының білім сапасына әсер етпейтіндей жағдай жасап, алдын ала оқу бағдарламасы дайындалады. Мұғалім кез- келген уақытта оқушымен байланыста бола алады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі ұстаз үшін де, оқушы үшін де, ата-ана үшін де үлкен жауапкершілік. Сондай -ақ ата-ананың да көмегі қажет. Қашықтықтан оқыту — заман ағымына бірге ілесіп жүрген ата-аналар тарапынан көрсетіліп жатырған қолдаулар қуантарлық жағдай. Ауылына қарап, азаматын таны демекші, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»,- аса мұқтаж ата-аналарға мектеп әкімшілігі, ауыл кәсіпкерлері көмектесіп, оқушыларға қажетті заттарын дер кезінде жеткізіп отырды.
Дегенменде елдің жарқын болашағы үшін алдымызда тұрған жауапты міндетті сезініп, оң шешімін табу біздің негізгі жұмысымыз.
Бұл оқыту жүйесінің мүмкіншілігі көп, қашықтықтан оқытудың тиімділігі оқушы үйден шықпай-ақ , мектепке бармай-ақ , берілген тапсырманы орындай береді.
Қашықтықтан оқыту жүйесі білім саласы үшін өте жоғары, тиімді екендігін растай аламыз, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлем бойынша ақпараттармен байланысуға, өздерінің білімдерін шыңдауға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге зор мүмкіндік алады. Қашықтықтан оқыту барысында, өзімнің түйгенім, үш жақтағы, ұстаз-оқушы-ата-ана үшін де тиімді тұстары көп екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді деп ойлаймын.
Біріншіден, алтын уақыттарын үнемдейді;
Екіншіден, мұғалім біліктілігін, оқушы өз бетімен оқуды меңгереді, ата-ана жаңа жүйені, яғни қашықтықтан оқытуға көзғарасын қалыптастырады;
Үшіншіден, бұл жүйеде оқушы да, ұстазда, ата-ана да өздеріне ыңғайлы оқу кестесін бекітіп, сол уақытқа қарай әрекет ете алады;
Төртіншіден, ғарыштап дамып бара жатқан технологияларды кеңінен қолдануды меңгереміз;
Бесіншіден, мұғалім мен оқушының, мұғалім мен ата-ананың арасында өзара түсінушілік пайда болып, сыйластық артады;
Алтыншыдан, оқытушы қиын жағдайларды болдырмау үшін, өзінің әдіс-тәсілдерін кеңейте отырып, технология саласын меңгереді. Шығармашылық ізденіске түседі;
Жетіншіден, оқушы қашықтан оқу арқылы өз білімдерін өз бастақ та жетілдіре отырып, ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігін меңгереді;
«Көш жүре келе түзеледі»,-дейді. Олай болса, уақытша қашықтықтан оқыту жүйесінің жоғарыда аталған тиімді тұстарынан бөлек кемшіліктері де жоқ емес. Әрбір оқушыда жақсы техникалық бағдарламалары орнатылған компьютер болу керек. Ғаламтор желісі қолжетімді болып, ешқандай қиындықтар болмау керек екендігі айтылды.
Қашықтықтан оқытудың бағдарламасы, оқу тәсілі, іс-тәжірибесі болып, өзара алмасу арқылы ұстаздар білімін шыңдай түссе нұр үстіне нұр болар еді.
Сондай ақ, қашықтықтан оқытуда оқушылардың білім сапасын анықтайтын, яғни бағалаудың жаңа нұсқасы болса деген ойым да жоқ емес.
Ұлы кемеңгер Мұхтар Әуезов былай дейді: «Адам мен адамды теңестіретін күш-білім» . Олай болса, үнемі ізденісте жүретін ұстаздардың тынымсыз еңбектерінің нәтижесін көрсететін, білім шыңына шығарар шәкірттері көп болсын деп тілейік.
Ғылым мен білім дамыған, бәсекеге қабілетті заманда жаңа технологияларды пайдаланып, еліміздің болашағы-балаларымызды білім нәрімен сусындатып, олардың қабілеттерін сәулелендіріп отыру — біздің парызымыз.