Маңғыстау обысы,
Мұнайлы ауданы,
«№14 жалпы білім беру орта мектеп» КММ,
бастауыш сынып мұғалімі
Қуанова Гулназ Темирхановна
Бүгінгі таңда әлемге тараған індетке байланысты Президентіміз төтенше жағдай жариялады.Сол себепті оқушыларымыз үлкен жауапкершілікпен үйде отырып қашықтықтан білім алуға 6 сәуірден бастап көшті. Осы орайда біз ұстаздар қашықтықтан білім беру үшін, әр түрлі платформалар мен мессенджерледі қысқа уақыт ішінде меңгеріп, оқушылардың білімдерін және қабілеттері мен дағдыларын жоғалтып алмау үшін тырысудамыз. Және бұл біздің қолымыздан келеді екеніне нық сеніммен айта аламыз. Балаларымыздың білім алуына қолдау көресетіп отырған Прзидентімізге Білім Министрлігіне мектеп басшыларына мұғалімдерге, ата-аналарға алғыс біліргім келеді. Қашықтықтан оқытуға дайындық кезеңдерінде біршама қиындықтар туындаған болатын. Ол қиындықтармен жұмыс жасауда оқу мақсаттарын зерделеп шығып , оларды күрделігіне қарай іріктеп оқушылардың өз бетімен меңгере алатын оқу мақсаттарын жеке оқуына тапсырмалар ұсынылды. Атап айтсақ осы daryn.online, ok.edus.kz. сайттары арқылы тапсырмаларды орындап, кері байланыс алып отыруға ата-аналар үшін де,мұғалімдер үшінде тиімді болып саналған. Қашықтықтан оқытуға біршама төселдік. Білім ошағы мектепте жүзбе-жүз оқығанға әрейне не жетсін. Жаңа оқу жылында киелі білім ошағында сыңғырлаған қоңырау үнімен сабақты бастайтынымызға сенімдемін.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезінде коронавирус инфекциясынан сақтану үшін әр бір адам қадағалауға тиіс 14 қағиданы ұсынған болатын. Сол қағиданы сақтап, біз үйде отырмыз, біз біргеміз.