Home » Жаңалықтар » Балабақшада әкелер, аналар, әжелер мектебін ұйымдастыру арқылы ынтымақтастығын арттыру

Балабақшада әкелер, аналар, әжелер мектебін ұйымдастыру арқылы ынтымақтастығын арттыру

Алматы қаласы, № 4 бөбекжай-балабақшасында ауқымды, мағыналы жоғарғы деңгейде «Балабақшада әкелер, аналар, әжелер мектебін ұйымдастыру арқылы ынтымақтастығын арттыру» атты тақырыбында семинар болып өтті.

Семинарға аудандық білім бөлімінің бас маманы, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ата-аналар және аудан әдіскерлері және жекеменшік балабақша әдіскерлері де қатысты.

Аудандық білім бөлімінің бас маманы: Зеитова Маншук Сапиновна аудандық семинардың өту маңыздылығын айтып,сәттілік тілей отырып ашып берді.

     

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі  — тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт – дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу.

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, балабақшадағы ұлттық тәрбиенің маңызы мен алатын орны ерекше. Еліміздің тұғырын мәңгі биікке желбірететін, ұлттық санасы мен сезімі қалыптасқан, ұлттық рухы биік, ұлттық құндылығын, ата дәстүрді, әдеп пен ғұрыпты, өркениетіміз бен мәдениетімізді мұра етіп жалғайтын жеке тұлғанеы тәрбиелеудің басты негізі  — балғындардың мекені балбақшадан бастау алады. Ата мен әженің тәрбиесі – қазақы тәрбиенің бастауы, ата сөзі – ақыл көзі ретінде мол асыл қазына, ата сөзінің тәлімдік мәні көне заманнан басталса, оның құдіретін сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа дамытушы қарт ұстаз. Әже – ақылдың кені, дананың көзі, әженің өнегесі, тәлімі мен тәрбиесі – өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықты дәріптейтін, мақтан тұтатын, қадірлейтін білімді азаматттарды тәрбиелейді.

Әке – отбасының тірегі. Әке тәрбиесі – тағылым мектебі, ғасырлық азық. Оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Ана тәрбиесі – отбасылық өмірдің, тәрбиенің негізі. «Ананың тәрбиесін мың ұстаз бере алмайды, болса – дағы білгір бір ұстаз» дегендей, баланың бойындағы ізгілік пен сыпайылылық, адами құндылықтар, ізеттілік, кішіпейілділік, биязылық сынды қасиеттердің бәрі ананың тәрбиесі мен ақ сүтімен дариды.

    Балабақшаларда «Әкелер, аналар және әжелер» мектептерін ашу мен олармен жұмыс жүргізудің маңыздылығы да осында. Ендеше, ұлттық құндылығымыз бен салт дәстүріміз – сананы бірлесе отырып, бірге қалыптастырайық!

Семинар барысында келген қонақтарымыз бес топқа бөлініп жайғасты.  Әр топтың өзінің ерекше ұлттық құндылықтарымызды: киіз басу, жүн сабау, жүн түту, құрғақ жүнмен жұмыс жасау, орыс халқының хохлома өрнегін салу деген сияқты еске түсіру тапсырмалары болды, тапсырмаларды қонақтарымыз қызығушылықпен орындады. Семинардан  алған әсерлілігі соншалықты,қонақтардың бірі ауылға бір саяхат барғанмен бірдей болғанын айтса, бірі әжесін, әжесінің  киізін еске алып эмоцияларымен жеткізді.

Алдағы уақытта да, жүйелі түрде ата – аналармен ауқымды жұмыстарды ұйымдастырамыз деген мақсат, ниетіміз бар.

Өткеніміз бен келешегімізді жалғайтын өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықты, ұлттық салт – дәстүрді, өнер мен мәдениетті дәріптейік! Ұлттық сананы қалыптастыруда ерен еңбегімізді аямайық!

Алматы қаласы
«Bilim ainasy»
Қуантайұлы Руслан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.