Ержанова Айнур Курбанбековна
Мұнайлы ауданы,Бесшоқы тұрғын үй массиві
№8 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Бүкіл әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайға байланысты осы жылы V-тоқсанды оқушыларымыз үйде қашықтықтан оқытылуда. Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да,ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтықтан білім алу», жүйесі мүмкін болып отыр. Өз шәкірттеріне сапалы, нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр бір ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдықпен ұштастырып, әр әдісін тиімді пайдалануда.
Әрине кез келген оқыту түрі бірқалыпты бола бермейді. Яғни оның өз артықшылықтары мен кемшіліктеріде болады. Оқушылар қашықтықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады. Өздеріне керекті мәліметтер мен бейнесабақтарды интернет желісінен бақылай алады.
Осы орайда бұл жүйе мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайта түскендей. Айта кетелік ата-аналардың да ұстаздарға деген сенімдері артып, бір-біріне деген игі істері күшеймек. Қашықтықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді.
Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. БІЗ ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ!!!