Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
№6жалпы білім беру орта мектебінің
I санатты Бастауыш сынып мұғалімі
Сейткулиева Бибинур Колдашбаевна
Әлемге тараған індет бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр.Осы жағдайға байланысты 2019-2020 оқу жылының YI тоқсанында білім беру саласы қашықтықтан оқытуға көшті.Бастапқы кезде қалай болады? Не істейміз? –деген сан-сұрақтар сананы ұялады.Бұрын-соңды болмаған,таныс емес жағдай болғандықтан қашықтықтан оқытуда
Мұғалімдердің тәжірибесі жоқ болсада,қиыныдығы мен қызығы мол,сүйіп таңдаған мамандығы болғандықтан алға қойған мақсатымыз айқын,болашағымыз жарқын болды.Қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары. Өйткені, басты орында қашан да саналы ұрпаққа сапалы білім беру заман талабы. Білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан індеттің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім. Мұның тағы бір тиімді жағы қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім. Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбестен толықтыра аласың.Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты індеттің
қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.Төртінші тоқсан басталмас бұрын әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларындағы оқушыларға мектеп тарапынан және де мұғалімдер атынан көптеген қолдаулар көрсетті. Онлайн сабақ мұғалімдердің де, оқушылардың да жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптары күшейтілді. Қашықтықтан оқытудағы тәжірибемде мұғалім алдында сабақ айтуға ұялатын ұяң оқушылар қашықтықтан оқу барысында сабақта өздерін еркін ұстап,қызығушылығы артып,бойындағы қабілеттері ашылып күнделікті сабаққа белсенді қатысуда.Бұл күндер біз үшін естен кетпес естелік,тарихи сәт!Оқушының шулағанынан шаршаған,сол шулағанды аңсаған! Оқушының жүрегіне жол таба білген мұғалім әрқашанда еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы үшін сапқа тұрған сақшыдай кез келген қиындыққа дайынбыз және жеңеміз!Біз біргеміз! «Бірлігі мықтының,білімі мықты»