Павлодар облысында ауыл мектептері дарынды балаларға арналған облыстық мектептердің үздік тәжірибелерін қолданады. Бұл білім беру басқармасының білім сапасын арттыру мақсатында қолға алған тың жобасы. Осы жоба негізінде қаламыздағы №8 лицей-мектебі мен Железин ауданының білім беру бөлімі арасында бірлескен өзара әрекеттестік пен кәсіптік қолдау туралы келісімге қол қойылған.
№8 лицей мектебінде білікті де білімді тәжірибелі мұғалімдер жұмыс жасайды. Білім ордасы олимпиадалық жетістіктерімен облыс атын халықаралық дәрежеге шығарып жүрген шәкірттерін мақтан тұтады. Сондықтан ауылдық жерде жұмыс жасайтын педагогтармен өз тәжірибемізді бөлісуде осы факторға ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта тиімді өзара әрекеттестік формалары мен әдістері белгіленді.
Железин ауданының мектептері лицейдің олимпиадалық қозғалысына қатысып жатыр. Өткен жылы Железин ауданының оқушылары лицей негізін қалаушы В.П. Никитенко атындағы бағдарламалау мен математикадан Зияткерлік олимпиадаға қатысып, күрделігі жоғары деңгейдегі математикалық есептер шешу тәжірибесіне ие болды.
Осы оқу жылы лицей екі рет елуден аса қатысушы тұратын Железин ауданы мектептерінің өкілдерін қабылдап алды.
Лицейдің жетекші педагог шебер, педагог-зерттеуші (Билида А.Н., Рубцова Т.И., Васина С.Г., Платова Т.Ю., Кожокар В.А., Идрисова К.Ш.) өз әріптестеріне қорытынды аттестаттау және математика, физика, география, информатика, қазақ тілі пәндерінен облыстық олимпиадаға дайындық бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.
Жақында ғана директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Лицейдің инновациялық зерттеу кеңістігін басқару бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Железин ауданының педагогтары сыныпта еріктілер қозғалысын және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, спорттық сенбіліктер өткізу, «Ұлы дала мұрасы» интерактивтік мұражайын құру жұмысының тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру шығармашылық формалары ұсынылды.
Еліміздегі білім мекемелерінің қашықтан оқыту режиміне ауысуына байланысты бірлескен ынтымақтастық жұмыс жоспарына елеулі өзгерістер кірді. Қамқорлыққа алынған мектептерге қажеттілігі бойынша вебинар, семинар, онлайн-кеңес беру жоспарланған: ПМПУ ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп мектептік жобалармен жұмыс жасау, авторлық бағдарлама әзірлеу, қашықтық режимде психологиялық қызмет, кәсіптік бағдарлау көрмесі, Zoom сервисінде топтық жұмыс ұйымдастыру, earningApps.org танысу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде лицей педагогтары мен Железин ауданы мұғалімдерінің кәсіптік шеберлік деңгейі артты. Аудан мұғалімдері лицейдің инстаграм парақшасында жарияланып жатқан жаңалықтармен де тұрақты түрде хабардар болып отырады.
Қамқорлыққа алынған мектептерге апта сайынғы онлайн-кеңес беру, «Оқушылар мен педагогтардың ғылыми жобалар жұмысына көмек» атты чат ұйымдастырылды.
— «Google forms-те формативтік және жиынтық бағалауды қалай ұйымдастыру?» тақырыбында онлайн конференциясын Павлодар қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Ю.Г. Мельникова өткізді. Конференция қатысушылары Google forms-те формативтік бағалау, БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерімен танысып, оларға тапсырма құрды.
Айта кету керек қазіргі таңда білім басқармасы бастамасының арқасында өңірімізде облыстық мектептер мен аудан мектептерінің тәжірибе алмасу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Білім сапасын арттыруда мұндай тәсіл өз нәтижесін көрсететіні анық.
Гаухар Бабыкова
Дарынды балаларға арналған
№8 лицей-мектебінің директоры