Home » Мақалалар » Қашықтыктан оқытудың маңыздылығы

Қашықтыктан оқытудың маңыздылығы

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№13 мектеп-гимназия»КММ
тарих пәнінің мұғалімі
Нәубет Ләззат Мырзақызы

Қазіргі таңда барлық жерде жоғарғы оқу орындарында,коллеждер мен мектептерде,қашықтықтан оқыту жүргізіліп жатыр.Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықтан интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өткізілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен оқыту.Қашықтықтан оқытудың дамуына және оның қатысушылары санының артуына байланысты осы жағдайларда тиімді оқытуды ұйымдастыру маңызды міндет болып табылады.

Бүгінде елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсанды барлық Қазақстандық мектептер қашықтан оқытып бастады. Бәріміз үшін бұл — үлкен сын, бірінші рет осындай форматта білім беріп жатырмыз. Сондықтан бұл тәжірибенің оңтайлы болғаны маңызды.Жаңа техниканың қыр-сырына қаныққан ұстаздар еш қиналмастан алға қарай ұмтылуда. Әр мұғалім өз шеберлігін арттыра отырып, оқушы ойына құнды дүниені ұялатуда еңбек етуде.

Қашықтықтан  оқытудың тиімділігі де байқала бастады. Ол ең біріншіден: әрбір оқушы өз отбасында,ата -анасымен бірге отырып барлық сабақтарға жауапкершілікпен қарауды түсінуде.Екіншіден: мұғаліммен оқушы, ата –ана арасында тығыз байланыс орнап отыр. Осындай оң өзгерістер арқасында оқушы әрбір  сабаққа түгел дерлік қатысып, онлайын түрінде өздерінің ойларын анық жеткізуде.«Қашықтан оқытудың оңтайлы тұсына тоқталсақ, балалардың көбі сыныптастары және мұғалім алдында тақтаға шығудан тартыншақтайды. Ал үйде, яғни өздеріне жайлы ортада білім алу кезінде бала үшін стресс аздау болады. Екінші жағынан балалар үшін ойын форматы іспеттес болып тұр. Оларға бұл тың формат қызық, сәйкесінше, олар оны үрей емес, ойын ретінде қабылдауда», — деді мектеп психологы Ұлбике Сметуллақызы.

Қашықтықтан оқыту оқушылардың жаңа технологияны меңгеруінде де өз септігін тигізуде.Оқушылар түрлі сайттарға кіріп, пәндік  олимпиадалар  мен сайыстарға онлайын түрінде қатысуда.Бұл да болса оқушылардың өз-өзін тәрбиелеуіндегі, дамытуындағы жетістігі деп білеміз.Оқушылардың көпшілігі компьютерлерге, түрлі байланыс құралдарына  қолжетімділікке ие, ақпаратты іздеу және өңдеу тәсілдерін меңгерген. Өз ана тілімен қатар шетел тілдерін қатар меңгерген бүгінгі оқушылар үшін ғаламтордағы шет тіліндегі парақшалар аса қиындық туғызбайды.

Әрбір мұғалімнің қашықтықтан оқытуды  сабақ өтудің жаңа заманауи әдісі ретінде танып, осы бағытта өз шеберлігін шыңдай отырып дамыту аса   қажет, бұл өмір талабы.

Бұл да бір уақытша қиындық. Осы қиындықтан өтіп,білімнің және бір белесіне қол жеткіземіз. «Бала жанының бағбаны — бола білген ұстаздар қауымына, осы сәтті пайдаланып, баршаңызға сәттілік тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.