Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы
№3 кешкі жұмысшы жастар орта мектебінің
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Телбаева Назира Абдикажиевна
Әлемде орын алған індетке орай әр елде жарияланған төтенше жағдай біздің де елімізді айналып өтпеді. Сондықтан мемлекетіміздегі бірқатар қызмет орындары жұмысты қашықтықтан жасауға шешім шығарысқаны баршамызға мәлім. Солардың бірі білім беру жүйесі де уақытша қашықтан іске асуда.
Осы орайда өзім қызмет ететін №3 кешкі жұмысшы жастар орта мектебінде оқушылар үшін қашықтан оқудың тиімді бола түскенін баса назарға алғым келеді. Дер кезінде әр түрлі себептерге байланысты орта мектепті аяқтауға мүмкіндігі болмай қалған азаматтарға кешкі мектептің берері мол. Орта мектепті бітіргендігін растайтын құжат болмаса тосқауыл шығатынын көріп жүргендіктен оларға соңғы мүмкіндік — ол кешкі мектеп. Ал кешкі мектепте көбінесе еңбек жасындағы азаматтар білім алады. Ал күнделікті сабақ барысында оларға өз қызметі мен кешкі мектептегі сабағы сәйкес болып қап жататын. Ал қашықтықтан оқу барысында әр білім жалғастырушының сабағын мұғалім жіті бақылап, тапсырмаларын уақытылы тексеріп отырады. Өйткені мұғалімнің талабы жүйе талғамайды.
Бір сөзбен айтқанда, кешкі мектеп оқушылары «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» , қоғам алдындағы қызметтерін атқара жүріп, үйден оқудың да қыр-сырын меңгеріп, тіпті уақыттан ұтылмай жатқандарын тиімді санауда.
Дегенмен де осыншалықты өзгеріс, төңкеріс жасауға мәжбүрлеп жатқан қауіпті кеселдің күші жойылып, әлемде шаттық орнасын деген тілек бар.