Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ «8 жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Аманжолова Айгул Нураковна
Биыл IV тоқсан өзгеше басталды. Әлемдегі коронавирустық инфекциясының таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр
Міне оқу жылының соңғы тоқсанының үш аптасын еңсеріп, төртінші аптасын бастадық. Төртінші тоқсан сабақтарын оқушылар қашықтан оқып жатыр. Қашықтан оқу барысында қиыншылықтардың болғаны рас. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтан оқытуға бет бұру бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Қашықтан оқыту арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жасай отырып, олардың бойындағы дарынды анықтаймыз. Қашықтан жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі аз екенін ескеретін болсақ, әрине бұл оңай шаруа емес. Осындай білім берудегі ауқымды жұмысты атқаруда мұғалімдердің еңбегі орасан зор. Қашықтан оқыту заман талабы.
Білім беру жүйесін жан жақты ақпараттандырып қашықтан оқытудың алғы шарттарын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.
Жүсіпбек Аймауытов айтқандай кешегі тәрбие бүгінгі болмыс ертеңгі шынайы қалыпқа айналмақ, оқушылар ұялы телефонның білім алуға пайдасы зор екенін түсінді, сонымен қатар ата-аналарда балаларының білім алуына көп септігін тигізіп жатыр. Бүгінде білім берудің бұл жүйесіне ұстаз, ата-ана, оқушы үйренісіп келеді.Басты артық шағым айтылып жатқан жоқ. Дәрісте қалыптасқан тәртіпте өтуде.