Қосым Зайтунна Досымбетқызы
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы,
Қызылтөбе селосы
№2 жалпы білім беру орта мектебінің
Информатика пәні мұғалімі
Ұстаздар қауымы қашанда елдің бірлігі мен білімі жолында еңбек етуді негізгі міндетім деп біледі. Бұл мүдде бейбіт күнде ғана емес, бүгінгідей ел басына сынағы бар төтенше жағдай орын алғанда да екінші орынға шыққан емес. Себебі, біздер- педагогтар үшін елдің білімді ұрпағын қалыптастырудан артық бақыт жоқ.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде біз оқушыларға қашықтықтан оқыту арқылы білім беруді де бірауыздан қолдап, саналы түрде түсініп қана қоймай, сапалы жұмыс атқаруға талпынудамыз. Осы бағытта, оқушыларды қашықтықтан оқытудың түрлі әдістерін, меңгеріп, əрбір сыныптың да ерекшелігі мен оқу бағдарламасын ескере отырып əртүрлі тəсілдермен білім беруді жалғастырудамыз.
Бүгінгідей технологияның қарыштап дамыған шағында қашықтан оқытудың сан алуан тәсілдерін қолдануға болатындығы да көңіл қуантады. Бір жағынан, оқушы педагог алдына бармай білім алғанының кемшін тұстары болатындығы да жасырын емес. Алайда, біз барынша осы олқылықтың орнын толтыру үшін əрбір оқушымен тығыз байланыс орнатып, əрбір тақырыпты толық түсіндіру үшін кез келген уақытта сауалдарын жолдау мүмкіндігін де қарастырдық.
Қорыта айтқанда, бүкіл әлем бойынша халық денсаулығына қауіп төніп тұрған бұл шақта, қашықтықтан білім беру дегеніміз таптырмас құрал екенін саналы түрде ұғынып, сол жолда бар күш-жігерімізді жұмсап, білігімізді көрсетіп, білім беруді үзбей жалғастыра береміз. Тəуелсіз Қазақ елінің білімді ұрпағы көп болғай!!!