Home » Мақалалар » Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

 Маңғыстау облысы
                                                                      Мұнайлы ауданы,
Қызылтөбе ауылы
                                                                       «№13 мектеп-гимназия» КММ
                                                                       Бастауыш сынып мұғалімі:
                                                                     Айткулова Гулнар Бердамановна 

«Қашықтан оқыту — дегеніміз: ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.»

Әлемдік елдерде болып жатқан жағдай яғни, COVID-19 (Коранавирус) таралуына байланысты карантин жарияланды. Барлық оқу орындары (мектеп, колледж, университет) қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Жалпы  қашықтықтан оқытудың пайдасы және кемшіліктері туралы қысқаша мағұлмат ізденіп көрелік…

Қашықтықтан оқыту тәртібінде  жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифрлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы — осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді. Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді.

Пайдасы:  Әрине қашықтықтан оқу бастапқы да барлық оқушыларға қиынға соғуы мүмкін, бірақ  қашықтықта оқудың пайдалы тұстары да баршылық. Әр бала өзі үшін оқуы керігін түсінеді, іздену арқылы көп нәрсе түсінеді. Мектептегідей жетіспей қалу, немесе 40 минуттан сабақ өтіп шаршау емес үйде отырып барлық сабаққа 1-1 жарым сағат жұмсау жеткілікті. Мұғалімге кері байланыс жасау арқылы, түсінбегеннін сұрап, жетіледі. Есте сақтау қабілеттері артып, әр бала өз-өзімен жұмыс жасауды үйренеді.

Кемшіліктері:

Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Қашықтықтан оқуға қәзіргі таңда  тиімді  програмалар : «WhatsApp» «Daryn.online» «Telegram»  Ата-аналарға балаларының оқу үдерісін, сапасын,  сабақ жоспарын қарауға  «Mektep.edu» тиімді.

Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.