Бүкіл әлемде- адамзатты толғандырған қауіпті дерт- коронавирус індетінің таралуына байланысты- мектептерде оқушыларға үздіксіз білім беру үрдісін жалғастыруда- қашықтан оқыту жүйесін қолдану және онлайн түрінде іске асырылуда еліміздің ұстаздар қауымы осы тәсілдерді өз дәрежесінде қолдана отырып, әр баланың өзінің үйінде отырып-ақ әр түрлі пәндер бойынша білім алуына қол жеткізіп отыр.
Онлайн мектеп-сабақтары қазіргі күнде нақты жүйемен атап айтқанда 1-11 сыныптардың сабақ кестесі көрсетілген, қай күні-қандай сабақтың –қай сағатта болатыны белгіленген, нақтыланған.
Оқушыға да, ата-анамен мұғалімге де қолайлы деуге болады.
Осы жүйе арқылы берілген бірнеше сабақтарды «Балапан» және «Еларна» телеарнасы арқылы көріп-тыңдадым. 23-сәуір күні-Орыс әдебиеті, Русская литература 6-сынып.Тақырыбы А.Н.Островскийдің «Снегурочка» операсы. Операның шығу тарихы, мазмұны –орыс шаруаларының өмірі мен салт-дәстүрі операдан алынған эпизод фрагменттер арқылы баяндалды.
Весна-красна и Снегурочка, Мороз Ярмила ұғымдарына түсініктер берілді. Музыка мен әдебиеттің өзара байланысты екені түсінікті болды.
Қорыта келгенде айтарым, әлемдегі қиын жағдайға байланысты қашықтан оқу тиімді болып отыр.Қашықтан оқытудың алғашқы аптасында қиындықтар болсада қазіргі кезде Қарақия ауданындағы №3орта мектептің директоры атап айтып кететін болсам Муканова Гүлшат Сагынтаевна мен, оқу ісінің меңгерушісі Ибраева Гүлназ Рыскалиевнаның мұғалімдерімізге берген қолдауының арқасында қазіргі кезеңде бірқалыпқа түсіп менің ұжымдастарым үздіксіз , аянбай еңбек етуде.
Білім жолында нәтежиелі жетістігіміз боларына сенемін. Біз біргеміз-қиындықты жеңеміз!
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Жетібай селосынан №3 орта мектебінің
Орыс тілі мұғалімі
Боранқұлова Бибігүл Қайырбекқызы