Жаңаөзен қаласы
С.Бегендікұлы атындағы
№ 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сарсенова Жұмагүл Дәлубайқызы
Қай кезеңде,қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. «Білім басы-бастауышта» демекші білім саласындағы түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен жауаркершілікті талап етеді.Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының белсенділігін туғыза алмаса,берген білім күткен нәтиже бермейді.Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.
Елімізде орын алған төтенше жағдайға қарсы күрес шараларын күшейту кезінде,6 сәуірден бастап,еліміздің барлық мектептері төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында өтуді бастады.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қашықтықтан оқыту үш тәсілмен:
1) мұғалім өз бетінше интернет платформалар арқылы;
2) телевизиялық сабақтар арқылы;
3) алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізілетінін айтқан еді.
Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіліп келеді. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған.
Осыған орай балалардың көктемгі демалысын пайдаланып,мұғалімдер балаларды жаңаша оқытуға дайындық жасады. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастырды. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасап келеді. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық болды.
Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы — осы мәселені дұрыс түсінуі. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері де, қағидалары да басқа.
Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді.
Осы орайда мен, Сарсенова Жұмагүл Дәлубайқызы өз сыныбыммен mektep.edu.kz электронды жүйесі,ok.edus.kz оқушыларға арналған білім порталы арқылы және WhatsApp желісі бойынша жұмыстанудамын.Мұғалім алдын- ала дайындық және ұйымдастыру шараларын жасамаса,оқушылардың білімі жоғарыламайды.Қашықтықтан оқыту мұғалімнің біліктілігін көтереді,оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады,ата-ананың жаңа технологияға деген көз қарасын өзгертеді.
Қашықтықтан оқудың ұстаз үшін тиімді жақтары өте көп.Себебі белгілі бір уақытқа бағынбайды,үлгермей қаламын деп қорықпайды,уақыт шектеусіз және де жаңа технологияны сабаққа енгізу үшін мұғалімге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді.Мұғалім үйде отырып керек кезде демалып алып,ары қарай жұмысын жалғастыра алады.
Әрине дарынды ұстаздың дарынды шәкірті болғанға не жетсін!
Қашықтықтан оқыту талапты және өзін-өзі бақылай алатын оқушыға өте пайдалы деп білемін.Сонымен қатар,қашықтықтан оқу,яғни интернет арқылы оқудың оқушылар үшін жақсы жақтары бар:
*күнделікті жолға кететін уақытты үнемдейді;
*әлемдегі кез келген оқу көздерін таңдай алады;
*кез-келген жерде жүріп те оқи беруге болады;
*бейне жазбасы болса тіпті жақсы,қанша рет қайталап көріп тыңдаймын десе де өз еркі;
Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз.
Тоқсан ауыз сөзің тобықтай түйіні баяндамамды ағылшын ағартушысы У.Уордтың мына сөзімен аяқтаймын: «Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», шәкірт даярлауда мәңгі нұрдың қызметшісі,тынымсыз лаулаған жалын иесі – ұстаз. Еңбегі ерен,әрі өлшеусіз.Әріптестеріме шығармашылық өрлеу тілеймін!