Home » Мақалалар » Өзгеріске бейімділік – жарқын болашақ кепілі

Өзгеріске бейімділік – жарқын болашақ кепілі

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы
 Жетібай ауылы,
№4 орта мектебі  КММ
биология пәні мұғалімі
Базарбаева Айнур


Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгіленген
шекарадан шығуға тура келеді немесе
 қоршаған тар көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз
 не болмаса өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз.
(Илон Маск) 

     Бізді қоршаған орта үнемі өзгерістерге ұшырауда. Мен биология пәні мұғалімі ретінде, табиғатта болып жатқан өзгерістерге бейімделген ағзалар өздерінің тіршілігін жалғастырады,  яғни бейімделетінін айтқым келеді. (адаптацияланады).  Биологияда, тірі табиғатта жаңа өзгерістерге бейімделген ағзалар — мықты ағзалар және олар тіршілігін жалғастырады, ал өзгерістерге күші қауқарсыз даралар болса, жер бетінен жойылып, тіршілігін тоқтатады. Дәл осы заңдылықтар кез келген салаға тән құбылыс. Білім, ғылым саласы да күннен-күнге өзгерістерге ұшырап, жаңа, тың жаңалықтармен толығуда. Жаңа өзгерістермен бірге жаңа бағдарламалар оқыту жүйесіне де өз әсерлерін тигізбей қоймайды.   

    Өзгеріске бейім қазіргі қоғамда балалардың қызығушылықтарын оятып, зейіндерін ашу да үлкен қажырлы еңбекті талап ететін жұмыс. Елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерге бейімделу де аздаған уақытты талап етті. Әсіресе, осы білім саласы, ЖОО, түрлі колледждер және мектептер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары  соңғы оқу тоқсанында қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Бұл жүйеге көшіру үшін көптеген мемлекет, білім саласы тарапынан  «Балапан»,  «Еларна» телеарналарында  белгілі бір жүйемен  бейнесабақтар әзірленіп, оқушыларға ресурстық көмек ретінде көрсетілу үстінде.Бұл әсіресе  интернеттің күш-қуаты әлсіз және қажетті технологиялар бойынша қиындық тудыратын шағын ауылдарға арналған жүйе ретінде және барлық оқушыларға берілетін бірізді ақпар беру әдісі.Сонымен қатар көптеген платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Бұл біз, ұстаздардың жұмысын аз да болсын жеңілдетті.Мысалы,  «Daryn  Online», «Bilimland»  платформалары өздерінің  ақпараттық  ресурстарын қолдануын тегін ұсынып отыр. Тағы бір айта кететін жағдай, осы қашықтықтан оқытуға көшудің тағы бір жақсы тұсы  ол педагогтарымыз бен оқушыларымыздың цифрлық сауаттылығын дамытуға өз септігін тигізіп жатыр.Педагогтерге цифрлық ресурстарды пайдалану және оны басқару бойынша түрлі қашықтықтан вебинарлар мен біліктілік арттыру курстары да өткізілу үстінде. Интернет жүйесін пайдалана отырып, оқушы үшін ең ыңғайлы әрі сапалы платформа түрін пайдалану барысындамыз.  

Атап айтар болсақ, «Youtube», «Whatsapp» , «Google»,  «Telegram»  желілері  пайдаланылу үстінде.

    Оқушылардың білім көкжиектерінің деңгейіңің төмен түспей, керісінше  сапалы білім бере отырып, сапаны көтеруге күш жұмсаудамыз. Ол үшін балаларға берілетін тапсырмалар көлемі мен түрлері, сабақ өту мерзімі, оқушылардың сабақ жөнінде жасайтын  кері  байланыстары (рефлекциясы)

бойынша жұмыстары мұқият қаралып, талдана отырып жұмыстар атқарылуда. Әрине кез келген жаңа жүйе кезінде аз-кем қиындықтар туындауы мүмкін, алайда бұл біздің үлкен жауапкершілікті, қасиетті міндетті мойынға алған ұстаздарымыздың қолынан келетін дүние. Сонымен қашықтықтан оқытудың   мұғалімдер үшін тиімді және пайдалы жақтары қандай  болды? Біріншіден, мұғалімдердің түрлі платфорлармен жұмыс жасау арқылы  тәжірибелері мен ақпарттары кеңейді. Екіншіден,  цифрлық ресурстарды пайдалану, басқару жөнінде қабілеттері артты. Үшіншіден,жаңа өзгеріске – бейімделу қарқындықтарын көрсетті. Ал оқушыларға келер болсақ, қашықтықтан оқыту жүйесі тиімді болып жатыр ма? Бастапқыда, балалардың  жүйеге орнығып, үйренісуіне аздаған уақыт кетті.Алайда, жаңа заман, жаңа технология кезеңі балалалары үшін қашықтықтан оқыту түрі анағұрлым қиындық туғызып жатқан жоқ. Екіншіден, балалардың өз-өздерін дамытуға, жауапкершілік пен саналы түрде қадам жасауға үйрете бастады. Үшіншіден, бос уақыттары көбейіп, өздерінің қызығушылықтары бойынша шығармашылық  жағынан жұмыстануда. Мінекей, кез келген нәрсенің  тигізетін жақсы жақтары  болады, ал тиімсіз, кемшіл тұстарын уақыт еншісіне сала отырып, тиімді бағытқа бұру біздің ұстаздарымыздың қолынан келетін дүние.Ұстаздарымыздың табанды, ерік-жігері,қайратты еңбегі арқылы осы кезеңді де абыроймен еңсеретінімізге бек сенімдімін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.