Байгожина Толкын Баймашовна
КМҚК «№ 128 бөбекжай балабақшасы»
меңгерушісі
Табиғатта пайдасыз ештеңе жоқс, тіпті пайдасыздың өзі де. Мишель Монтен
Алматы қаласы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған мектепке дейінгі мекеме басшыларының Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өту іс сапарынан қоржынымызға шетелдік әдіс-тәсілдерді сала келдік.
Сингапурдегі балабақшалардың стандартты бағдарламасы – балаларды оқуға, санауға, музыка мен ән айтуға, мүсіндеу мен сурет салуға ойын арқылы үйрету. Балалардың балабақшада болу уақыты әр түрлі: жарты күн 4-4,5 сағатты , немесе толық күн — 8,12 сағатты құрайды. Сонымен қатар бала бақшада каникул күндері де қарастырылған. 4-6 жас аралығындағы балаларға түскі уақытта ұйықтамауға рұқсат берілген, бірақ ата- аналарға балаларын кешкі 8 ден қалдырмай ұйқыға жатқызу талабын қояды және ата- аналар талапты бұлжытпай орындайды. Балабақша-бала- ата-ана жүйесімен жұмыс жоғары деңгейде.Түскі уақытта тәрбиеші баламен игерілмей қалған тапсырмаларды орындайды, балалар өз таңдауымен орталықтарда сурет салып, ойын ойнап, ертегі тыңдап т.б. іс әрекеттермен шұғылданады. Тағылымдама барысында күннің екін ші жартысында Сингапурдегі Mozaik Global Pte Ltd компаниясының үш балабақша, бір дамыту орталығында тәжірибелік бөлімді өткіздік. Балалар музейін,ғылым музейін араладық. Сингапур мен Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие мен білім стандартында бірін- бірі толықтыратын ұқсатықтар бар. Сингапур балабақшаларының педагогтері керексіз заттарды қажетіне жарату мәселесін жоғары қойған, яғни балалардың бойына экологиялық ,адамгершілік тәрбиені сіңіріп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.Тіпті жел соққанда жерге сынып түскен бұтақтың өзіне үлкен мән береді.
Сондықтан да өзім қызмет жасап отырған №128 балабақшада бала мен ата-ана және балабақшаның бір-бірімен қарым қатынасын нығайта отырып, керексіз заттарды пайдаға асыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру, экологияға назар аударту мақсатында «Керексіз заттарды пайдаға асырудағы 1000 000 идея» жобасын бастадым. Бұл жоба жылдың төрт мезгілінде де жалғасын таппақ.
Жобаны жүзеге асыруда балабақшадағы балалар мен ата-аналардың, тәрбиешілер мен педагогтардың қосқан үлесі мол
Жобаның өзектілігі : Керексіз зат қол жетімді,сақтауы мен қолдануы күрделі емес. Керексіз заттардан жапсыру , құрастыру технологиясының қарапайымдылығы және саусақ уқалауы мен ұсақ моторикасын дамытуда пайдасы мол, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға қолайлы.
Мақсаты мен міндеттері: Сингапур мемлекеті балабақшаларының ата-аналармен жұмысын негізге ала отырып керексіз материалдармен жұмыс жасауды дамыту . Экологиялық тәрбие мен білім беруді, эстетикалық талғамды насихаттау. Қажетсіз заттардан жасалған қол өнерден көрме ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже: балаларда қажетсіз заттарды өмірде іске жарата білу, шығармашылық көзқарас қалыптасқан. Балаларда экологиялық мәдениет қалыптасқан. Ата-аналардың керексіз заттардан бұйым жасауға жоғарғы қызығушылығы. Қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынас пайда боады.
Бастапқыда жобаға ортаңғы топтығ балалары мен олардың ата-аналары тартылған, кейін балабақшаның басқа да ата-аналары қатысуға қызығушылық танытты. Нәтижесінде балалар мен ата-аналардың керексіз заттардан жасаған қол өнерңнңғ көрмесін ұйымдастырдық. Сонымен қатар картоннан, пластика ыдыстардан жасалған «Сәнді шляпалар дефилесі» байқауын да өткіздік.
2024 жылдың 25 қаңтар айында балабақшада қажетсіз зататардан жасалған көрме ұйымдастырылыпғ «Ғажайып шляпалар» сән көрмесі өтті. Аталған іс шараға Алматы қалалық әдістемелік бөлімінің ресурстық орталығының әдіскерлері Туралина Ж.А. мен Раймова Л.М. қатысты
Қорытынды
Қол өнері әрқашанда жоғары бағаланады, әсіресе қәзіргі заманда техника мен жасанды технология қол еңбегін түбегейлі алмастырып отырғанда. Қол еңбегінің энергетикасы өте күшті. Ол өзін тамашалап тұрған кез – келген адамның көңіл-күйін көтереді. Қол еңбегі адамды күйзелістен сақтап, адамдарды шыншыл етеді.
Құрылған «Керексіз заттарды пайдаға асырудағы 1000 000 идея» жобасы балабақша өміріне енді. Біздің жоба бәріне қиялдарын жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін.
Қорыта келе бұл тақырып таусылмайтын қазына деп айтқым келеді. Бізді қоршап жатқан ескі, керексіз заттарға толассыз жаңа рөль ойластыруға болады. Керексіз заттарды қайта пайдалану – бұл тұрмыстық қалдық заттардың экологиялық қайта өңдеу, қажетті зат ойлап табу, өз қолыңмен жасаған заттан ләззат алу, аз уақыт пен қаржы жұмсау, қиял мен шығармашылықты дамыту.