Home » Жаңалықтар » Әл-Фараби мұрасы- асыл мұра, рухани қазына

Әл-Фараби мұрасы- асыл мұра, рухани қазына

  2020 жыл интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы ұлыларды ұлықтап, олардың шығармашылығын рухани жаңғыру негізінде насихаттап, қоғамдағы жастарды кітап оқуға, көркем шығармамен дос болуға, рухани қазынамен баюға шақыру жолға қойылды. Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу-Насыр-әл-Фарабидің де 1150 жылдығы Қазақстан президенті Қ.Ж.Тоқаевтың арнайы ұсынысы аясында тиісті деңгейде насихатталу көзделген. Ұлы бабамыздың мерейлі мерекесін облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті мен әл-Фараби атындағы №18 қазақ орта мектеп-лицейі ұжымының бірлесуімен облыс деңгейінде жас ақындардың жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Жыр мүшайрасына  Жамбыл, Шал ақын, Ақжар аудандарының оқушылары және Петропавл қаласының мектеп оқушыларынан жиналған 17 жас ақын қатысты.

Игі шараны ұйымдастырудың басты мақсаты: «Әл-фарабидің ашқан жаңалығын тереңнен дәріптеу, жастарды ізгілікке тарту, ілім-ғылымға, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Ғалымның ғылымға ашқан жаңалықтар мен трактаттарының маңызын түсіндіру», — дейді, әл-Фараби атындағы №18 қазақ орта мектеп-лицейі директоры Гүлімкөз Қайырбайқызы.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде ғұлама ғалымның ізгілігіне арналған танымдық қойылым болса, екінші бөлімі  жыр додасына арналды. Жас ақындар бәйгеге екі өлең әкелген. Бірінші өлеңдері әл-Фарабиге арнау. Екінші өлеңдері «Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан» деген тақырыпқа арналды. Аталмыш байқауға Қазақстан республикасы жазушылар одағының мүшесі, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменов бастаған жақсы мен жайсаңдар қазылық жасады.
Байқаудың бас жүлдесі Е.Асқаров атындағы ақындар мектебінің тәрбиеленушісі Аяған Диастың еншісіне тиді.

Қазақстан республикасы журналистер
одағының мүшесі
Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.