Зайчикова Айшолопан Мейрамбекқызы
Абылай хан атындағы жоғарғы колледжінің
дене тәрбиесі және спорт арнайы пән оқытушысы
Қызылорда қаласы
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес мәңгі із қалдырушы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танымы, діні, тілі, рухы көрініс тапқан. Абай шығармаларын оқып отырсақ Абай әлемі деген бірегей құбылысты байқауға болады. Өйткені оының шығармаларының мазмұны мен мәнінде шындықпен қатар таусылмас тағылымды тәрбие мен сарқылмас ілім жатыр.
Биыл ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойы лайықты атап өту үшін елімізде көптеген іс-шаралар мен әлеуметтік желі арқылы Абай өлеңдері мен қара сөздерін, әндерін жатқа айтудан эстафеталар болып жатыр. Бұл эстафетаға елбасынан бастап мектеп оқушылары да қатысуда. Біздің Абылай хан атындағы жоғарғы колледжінің басшысынан бастап, білім алушы студенттеріміз де өз үлестерін қосып, Абай әндерін шырқап, өлеңдерін жаттады.
Абайдың туған күнін атап өту- халқымыздың парызы. Оның әр тойын жыл сайын атап өтудің өзі рухани мәдениетмізді байытатыны сөзсіз, өйткені ұлы бабамыздың шығармасындағы жаңа идеяларды, жаңа білімдерді танып, оның ойшылығын тереңдігіне, ұшқырлығына, қалдырған қара сөздерінің өзектілігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Уақыт өткен сайын Абайды жаңа қырынан танудамыз.
Екі ғасыр бұрын Абайдың ойынан шыққан тәлім-тәрбие осы күндерге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Абай халқына деген, қазақ қоғамына деген жанашырлығын 45қара сөзімен білдіртсе, оның түбінде қаншама асыл қасиет жатқанын білеміз. Ұлы ойшылдың философиясын қай пән шеңберінде оқытса да жарасады.
Мен өз сабағымда білім алушыларға ұлы ойшыл данамыздың өлеңдерін жаттатқызып, қара сөздерінің мағынасын түсіндіріп отырамын. Бүгінгі білім алушы — ертеңгі ұстаз. Әрбір ұстаздың бойында ұлтымызға деген, өскелең ұрпаққа деген жанашырылық пен мейірім болуы керек. Біз оны Абайды оқып, үйренеміз.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс