Home » Эссе » Қазақстан-саяхат елі

Қазақстан-саяхат елі

Қазақстан атты кең байтақ,асқар таулары,таза сулары, жер асты байлығы мол, дархан мінезді халқы бар республикада дүниеге келгенімді мақтан тұтам. Өйткені біздің елдей тыныш, тату-тәтті, көп ұлтты мемлекет жоқ жер бетінде. Осындай бірлігі жарасқан елде, әрине, қонағы көп болары табиғи жағдай. Алыс-жақыннан келген қадірлі қонақтарды күтіп алып, құдасындай құрмет көрсету біздің халыққа тән ерекше қасиет. Сырттан келген мейманға көрсететін әр облыстың шырайлы жерлері, киелі мекендері неткен керемет десеңізші!Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Еуразияның орталығында орналасқан, Қазақстан әлемнің көне өркениеті торабында Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және экономикалық тұрғыда байланыстырған. Ежелгі қазақ даласында Ұлы Жібек жолы өтетін. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі Қазақстан территориясында өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып дамыған. Соның ішінде туризм саласы Қазақстанда жыл сайын үлкен даму қарқынын алуда. Ондағы туристік бағыттар георграфиялық орналасу бойынша 16 облысқа байланысты құрастырылған. Осы облыстарға саяхат жасап, біздің елдің туристік өңірі туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.

Саяхат деген не? Бұл-топсеруен немесе экскурсия. Саяхат дегенде туризм саласы туралы айтамыз. Туризм (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны — серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі — саяхат делінеді. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік бағыттарды құру және өңдеу барысында елімізде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жасалынды.

Мен Алматы облысы мен Елбасының туған жеріне саяхатқа барып,бір марқайып қалдым.Себебі Қарасай батыр атындағы жалпы орта мектебін, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Үй мұражайы, Алматы облысындағы «Батыр Бабалар»мемориалдық кешені, сондай-ақ Орталық Мемлекеттік мұражайы мен Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағын әбден араладық. Топсеруеннен түйгенім: Елбасы біздің туған анамыздай еліміздің тірегі. Ол болмаса мынадай бейбіт күн де болмас еді. Біздің Көшбасшымыз мұндай дәрежеге тынымсыз еңбек арқылы жетті. Көшбасшы дегеніміз кім? Шамалған ауылының тұрғыны, Қарасай батыр атындағы жалпы орта мектеп бітірушісі, Қарағанды металлургия комбинатының жұмысшысы, Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнының түлегі-біздер үшін Ұлы жолдың шамшырағы іспеттес.
Жастайынан сезімталдығымен ерекше көзге түскен — Нұрсұлтан Әбішұлы, қай сатыда тұрса да тек «Еңбек –ер атандырар» деген аталы сөзді басшылыққа алып отырғандай. Еңбекқорлығымен жүріп өткен жолы оңай жол деп айту қиын. Өйткені халықты жұмыспен қамтамасыз ету, астананы көшіру, жастардың білім алуына жағдай жасау сияқты келелі мәселелерді жан-жақты ойлап,өзге елдегі қандас бауырларымыздың елге оралуына басшылық жасады. Біздің мектепке де Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғаныстан, Иран, Пәкістан елдерінен жаңа достарымыз келіп,қатарымызға қосылып жатыр.

Елбасы — мемлекеттің басшысы,елдің қамын ойлап,әрқашан өз білімділігін көрсетіп отыратын жол сілтеуші. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізді алғанда көп ұлтты елді бірлікте ұстап, осы күнге дейін қазақ елінің шаңырағын шайқалтпай келе жатуы, әрине, Президентіміздің арқасы.

Күз айындағы саяхат барысында, мен оның балалық шағынан бастап осы күнге дейінгі атқарған қызметтеріне қызыға қарадым да,өзім секілді жасөспірімдерге әр күні насихаттайтын бір бағдарлама көгілдір экранында көрсетіп отырса деген ұсыныс айтқым келеді.

Сонымен қатар, ол туралы көп ойланып,Абай атамыздың шығармашылығын дәріптегендей, әрбір айтқан сөзін өсиет деп қабылдап, біздердің санамызға сіңіру туралы отбасында талқылайтын кітаптар тізімі ата-аналарға арналған болса нұр үстіне нұр болар еді…

Егер де, әр жанұя мүшелері Елбасының халық игілігі үшін жасаған қызметі,алып бара жатқан саясатынан хабардар болып отырсақ, біздің де Отанға деген патриоттық сезіміміз оянары сөзссіз. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің кіндік қаны тамған жері — Алатау бөктеріне, Іле өзенінің жағалауына Ел ағасына арналған «Мұражай кешенін»салуды ұсынар едім. Кешенді салу барысында, оның қазақ елі үшін жасаған барша игі істері, ел болашағы үшін және әр ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсартуға арналып жасалған бағдарламалары, келешекті бағамдаған -2030, 2050 стратегиялары, әр облыс орталықтарын көркейтуіне мән беруін басшылыққа ала отырып, әр облыстағы көркейген қала макеттерін жасау қажет. Қабатында демалыс орындарын салуды көздеу керек. Келген саяхатшы Қазақстан атты «Мәңгілік Елмен» жіті танысып, демалысын тамаша табиғат аясында өткізеді. Бұдан еліміз қазынасы да артады. Қазынамыз толықса, әр дүние есігін ашар сәбидің есепшотына қыруар қаржы түсірер едік дамыған мемлекеттердегідей. Ол есепшоттағы қаржы депозитке салынса, айналымға түсіп отырары сөзсіз. Осылайша «Қазақстан-саяхат елі» деген атақты Үшқоңырды жәннат бағына айналдыру арқылы берсек. Ол үшін мен де өз үлесімді қосқым келеді. Елбасының нұрлы жолын жалғастыру әр оқушының парызы емес пе? Отанымыздың ертеңі үшін біздер де дәл осы сәттен бастап еңбектенуімізбен қатар, жұмыс талғамауымыз қажет деп ойлаймын. Өз елі туралы ойланатын пенде, мықты адам емес пе? Сондықтан да Нұрсұлтан атам туралы қалай айтсақ та жарасады. Өйткені Көшбасшы жолы — Ұлы жол дегім келеді.

 

www.egemen.kz «Егемен Қазақстан» газетінің ресми сайты пайдаланылды

Келес Азамат,
ОҚО, Сарыағаш ауданы,
Шәкәрім атындағы №27 жалпы орта мектебінің
9-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.