Home » Мақалалар » Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық

№69 ЖББОМ
Ұйымдастырылған  ашық іс-әрекет
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Өткізген: мектепалды даярлық тобының
тәрбиешісі: Есенбекова Жанар Сайновна

 

Мақсаты:Балаларға педагог Ы.Алтынсарин және оның шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіру.Ертегілердің түрлері,ерекшеліктері туралы балалардың білімін тереңдету.«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Оқылған ертегінің мазмұнын әңгімелеуге,ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету және байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,сахналап беруге талпындыру.Ойынның шартын сақтап ойнауға,төзімділікке,адамгершілікке, адал дос болуға тəрбиелеу.Ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекі құралдар : Ы.Алтынсариннің портреті,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,

ыдыстар,қатық,сыпырғыш,сиыр,тауық,ағаш,тышқан киімдері,мейіз,тары т.б Ұйымдастыру кезеңі :Ал балалар бүгінгі күн бізде ерекше болмақ.Оның себебі біздің тобымызға қонақтар келіп отыр. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып қонақтармен сәлемдесіп алайықшы:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң,апайлар!

Сәлем саған,алтын Күн!

 Негізгі кезең :

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілін атап бере аламызба?
  • Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады.Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
  • Ертегі кейіпкерлерін!
  • Балар қандай ертегілерді білесіңдер?
  • Ертегілер несімен ұнайды?
  • Балалар бұл кісі- Ы.Алтынсарин деген аталарың.Ол кісі балаларға арнап мектеп ашқан,балаларды оқытқан.Бүгін біз аталарынның «Мақта қыз бен мысық» атты  ертегісімен танысамыз.

Ертегі – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Ертегінің əңгімеден айырмашылығы – ертегіні ойдан, қиялдан құрастырады. Ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу,түсінгендерін сұрау.

Ертегі кім жайында екен?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Мақта қыз не тауып алды?

Мақта қыз мысықты қалай жазалады?

Мақта қыз бен мысықтың бір-біріне жасағандары дұрыспа?

Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?

Мысық қалай дыбыстайды?

Ол нені жақсы көреді?

Ертегіні суреттен көрсету

Балалар сендер осы ертегіні рөлге кіріп ойнайсыңдарма?

Тәрбиеші «Мақта қыз бен мысық» ертегісін

«Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық болыпты.

Екеуі дос болыпты…» — деп

дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп оқып береді.

Бір күні Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз-Айлин (мысығын шақырады)

—  Мияуым менің, қайдасың?

—  Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

—  Келмесең, келмей-ақ қой, өз обалың өзіңе, -деп(мейізді қыз жеп қояды)

Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мысық-Іңкәр

Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Айтпаймын!

Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!(құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды.

Мақта қыз: Бермеймін, қатығымды қайтарып бер!

Сөйтіп, мысық сиырға барады.

Сиыр — Әмірхан

Мысық: Сиыр, сиыр маған қатық берші? – деді.

Жоқ, менің қарным ашып тұр ,маған жапырақ әкеліп берші дейді

Ағаш-Бейбарыс

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар – Адина,Дильназ,Айзере

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші – Нұрғазы

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.

Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауықтар– Адия,Айым

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан – Дарина

Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін – деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

Мысық: Мақта қызбен қосылып «Қошақаным» әнін айтып береді.

Тышқан мысыққа рақмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмырқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты Мақта қызға береді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын, — деп қатықты қызға береді. Мақта қыз, қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Балалардың менің ертегімді тыңдай отырып ертегісі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

 

7 комментариев

  1. Гүлжайнар Алашбаева

    Ертегі арқылы, қойылым арқылы, образдық бейне арқылы, интонация арқылы балаларды ынталандыру, білімге баулу маңызды!

  2. Жадыра Жаксылыковна

    Балалардын танымдык кабылғтін арттыруда, ертегінің маңызы өте жоғары!

  3. Мұғалім өз мақсатына жетті, оқушылардың сабаққа ынтасы артып отыр

  4. Көрініс жақсы қойылған Балаларға түсінікті болды

  5. Гульманат

    Бала бойында шығармашылық қабілетті дамытып, сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы зор👍🏻

  6. Айнагуль Жумагулова

    Керемет көрініс!

  7. Ұстаз өз мақсатына жетіп,бала бойындағы шығармашылық қабілетті дамытып,баланың ертегіге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.