Мамытова Фарида Жарылкасыновна
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы»
Еңбекке оқыту мұғалімі
Қазақ халқының мол қолөнер үлгерімімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге,үлгі тұтуға үйрету. Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық» — деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүние танымына, сеніміне, адамгершілік-моральдік қасиеттерінің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді. Міне, осындай жолмен біздің орталық балалары да өз қолдарынан,өз ойларынан туындаған,қиял мен арманға толы,әр түрлі бағытта, алуан түрлі көңіл күйде жасалған шығармашыл қол өнер иелерінің қолдарынан шыққан әсем де көркем бұл бұйымдар көздің жауын алады десек те болады.Көрмеде қойылған әрбір бұйымды жасау үшін біздің балаларымыздың төккен тері мен ұзақ уақыт ерінбей,жалықпай отырып жұмыс жасауы ғажап емес пе.Осы балаларымыздың қол өнердегі шығармашылық жұмыстарының нәтижесін,Республикалық,облыстық,қалалық фестиваль көрмелерінде жоғары жүлделі орындармен марапаттар алып,кішкентай болса да балаға сенім мен шат күлкі сыйлап,еңбек дағдыларын қалыптастыруға,қол өнерге баулуға,дербес еңбек етуге ықпал еткеніме қуанамын.
« Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» мекемесінде Ұлы даланың жеті қырының бірі «Қазақстан алма мен қызғалдақ отаны» атты тақырыпта қызмет алушы балалардың қолдарынан жасалынған қол өнер көрмесі өткізілді.Көрмені көруге орталық қызметкерлері мен қызмет алушы балалары келіп тамашалады.Көрме әрбір балаға өте жақсы әсер қалдырды.Әр түрлі материалдардан жасалған алма мен қызғалдақтарымыз көрме әдемілігімен көзге түсті.Қолөнербұйымдары түрлі табиғи материалдардан,мата түрлерінен,тастардан,қағаздан жасалған.
Осы орайда ,асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны»екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген білгендйміз. Қарапайым,бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып,жер жүзіне таралған.
Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы- Сиверс алмасының отаны саналады.Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тару етті.Бәріміз білетін алма-біздегі алманың генетикалық бір түрі.Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне,кейіннен бүкіл әдемге таралғанүОсы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталады. Қазақсатан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен ілі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жаһары саналатын Регель қызғалдақтарының бастапқы күйінше кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған.Қазақ топырағындағы осынау қарапайым,сондай ақ ерекше гүлдер өз әдемілігінен көптеп халықтың жүрегін жаулап,біртіндеп бүкіл әлемге таратады.Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар,олардың басым көпшілігі-біздің дала қызғалдағының «ұрпағы».Қазір Қазақстанда қызғалдақтың отыз бес түрі өседі.
Осылайша біздің балаларымызда қажетсіз заттардан көрнекі әдемі қызғалдақтар мен алма түрлерін жасап шығарды. Қол өнер-қолданбалы өнер,дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс.Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып,қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем компазицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер,музыкалық аспаптар,қару-жарақ,құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық тағамынығ,әлеуметтік қоғамдық жағдайының,салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі деп айтсақ болады.