Сейтова Гүльмира Есіркеповна
Еңбекке оқыту мұғалімі
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы»
Қазақстан республикасының білім туралы заңының баптарында мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімілігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Әр түрлі адам қызметтерінің арасында еңбек маңызды орын алады.Ол адамның рухани, адамгершілік, физикалық қабілеттерін дамытудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді.
Қоғамда тек еңбек тұлға қалыптастыруға жан-жақты әсер етуге септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды еңбекке даярлау әр баланың тұлғалық қызығушылығына, бейімділігіне және қабілеттеріне сәйкес кәсіби қызметті еркін және саналы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар,оның ішінде ақыл-ой кемістігі бар балаларды еңбекке баулудың мақсаты оларда өмірге және еңбекке қажетті білім дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Еңбекке баулу, басқа оқу пәндері сияқты, балаларды жан – жақты дамыту мүмкіндіктерін шешеді. Ол физикалық, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік тұрғысынан дамытуға үлес қосады.
Еңбекке баулудың негізгі міндеті кәсіптік білім беру,яғни оларға қол жетімді техникалық және технологиялық білім беру,кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Кәсіби еңбекке баулу міндеттері ерекше маңызға ие жеңіл ақыл – ой кемістігі бар балалар күрделі емес еңбек дағдыларын орындауы мүмкін.
Бірақ ақыл есі толық балаларға қарағанда,дағдылардың қалыптасу прцесі баяу жүреді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды еңбек процесіне қосу олардың ценсорлық,ойлағыштық және орындаушылық қызметін түзету және дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.Сонымен қатар еңбекке баулу балаларды әлеуметтік еңбекке бейімдеу және сауықтыру қызметтерінде атқарады.
Бұл міндет балаларды өмірдеқажетті тұрмыстық, қоғамдық пайдалы және кәсіптік еңбек түрлеріне қосу жолдарымен шешіледі.
Еңбек сабағында балалардың алған білімі бір жағынан,ақыл-парасаттылық жолын деңгейін арттырады, екінші жағынан еңбектік міндеттерін шешуде өз қызметін дұрыс реттеу бөлігін дамыту үшін негіз болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың еңбекке баулу сабағының ерекшелігі жоғарыда айтылғандай сабақ жоспарын күнделікті қайталанатын жаттанды әдіспен бөлек ұйымдастыру талап етіледі. Бұл сабақтың басқа білім сабағынан айырмашылығы баланың көруге, ұстауға, үйренуге деген бейімділігі, белсенділігі. Белсенділік дегеніміз-балалардың танымдық әрекетін дамыту.Бала алғашқы сабақтан бастап сабаққа белсенді қатынасса ,онда баланың білімде құштарлығы, ынта-ықыласы, төзімділігі, іскерлігі , ізденімпаздылығы арта түсетіні анық. Осыдан келіп, баланың білімі бір кәсіпке бейімделуне жол ашады.Бұл кәсіпке белсенділікті танымдық әрекетімен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асырылып отырады.Қабылдауы баяу балаларды оқыту технология пәнінде еңбек тобын құрып арнайы бағдарламамен жеке оқыту жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты міндеті балалардың қабілетіне қарай топтап,сабақ жоспарын құру. Даралап оқыту баланың технология пәнінде бағдарламаны меңгеруге мүмкіндік береді. Даралап оқыту үшін бірқатар зерттеушілер жеке тұлғаның қандай да бір басым қасиетіне қарай топтастыруды ұсынады.Осыған орай танымал орыс ғалымы В.Воронкова баланың оқу үлгерімін өзіне тән басым қасиеті болатынын төменде көрсетілген төрт топқа бөлді.
Бірінші топ өз бетімен жұмыс жасайтын тапсырманы түсінетін балалар. Екінші топ қарым қатынасы дұрыс емес,тапсырманы әзер түсінетін,сұрақтарға шала жауап беретін балалар.
Үшінші топ-қабілеті жоқ тапсырманы көмекпен орындайтын балалар.
Төртінші топ-еңбек ете білмейтін,қызығушылығы жоқ балаларды жатқызады.
Еңбек сабағын өткізудің мақсаты: балаларға практикалық жұмыстары балалардың біліміне негізделіп құрылады. Яғни, сабақ қорытындысы берілген затты жасай, орындай білуге үйрету. Технология пәнінен өтілетін сабақтарда құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгертіп жасау болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке даярлау әр баланың қызығушылығын, бейімділігін және қабілеттеріне сәйкес кәсіби еркін және спалы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамассыз ету. Еңбекке баулу процесінде дамыту міндеттері — қолдың ұсақ маторикасын дамту мен түзету және әлеуметтік бейімдеу міндеттері жүзеге асырылады.Еңбек түрлері туралы қарапайым білім беру, еңбек дағдысын қалыптастыру, ең қарапайым әдістерге үйрету, әр түрлі материалдар туралы білім беріп, олардың құрамына қарай өңдеу әдісін таңдау, өз бетімен еңбектенуге дағдылану, еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет етеді,ебебі қалыпты балаға сабақ беру барысында еңбегіңнің жеңісін тез көресін. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарынан артта қалып, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды. Көбіне көңіл- күйі төмен болады. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткенді қабылдайды, дегенмен бұл ұзақ жүретін процес. Мысалы бір топта сегіз бала болатын болса олардың әр қайсысының қабылау деңгейі әр түрлі. Бірі түсінгенді , екіншісі түсінбейді. Сабақты өзінің көңіл күйіне қарай қабылдайды. Мұндай балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өмірге белсене араласып толық қанды өмір сүруге яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға жан жақты көрсетілуде. Сондықтанда мүмкінігі шектеулі балаларды еңбекке баулу сабақтарының мәні ерекше зор.