Home » Мақалалар » Дамуында ауытқуы бар балалардың еңбекке баулу ерекшелігі

Дамуында ауытқуы бар балалардың еңбекке баулу ерекшелігі

Мадраимова   Алма Биткенбаевна
Арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету балалар орталығы
Еңбек пәнінің мұғалімі

 Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқушылығы бар балалар саны артуда. Қалыпты, дұрыс дамыған балалар сияқты жан-жақты дамуға,оқуға,танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар.Бірақ оларға тиісті білім беру және түзете дамыту өте күрделі. Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу,жанұя мен балалар орталықтарымен тығыз байланыста жүреді. Өзара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету тәртіпті талап етуді орынды үйлестіріп іске асырылады. Тәрбие барысында жас ерекшелігін ескеріле отырып өзіне-өзі дағдылары еңбек ету мінез құлықтарына бағыттала жүргізіледі.Олар көбіне өз бетінше ештеңе жасай алмады.Ал мұғалімнің кқмек нұсқауымен іске асырады. Дамуында ауытқуы бар балалар арнайы мектеп немесе орталықтарда оқытылады:Оларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі. Жалпы әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт алады. Арнайы еңбекке баулу бірнеше кезеңдерден тұрады. Негізі мақсаты қызмет алушылардың еңбеккке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек әрекетінің негізгі формасы – еңбекке оқыту сабағы.

Қызмет алушылар қағазбен, картонмен, матамен, ермексазбен және табиғи материалдармен жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін,қарапайым еңбек дағдысын меңгере бастайды. Еңбек дағдыларына үйрету, қолмен жұмыс жасау дағдыларынан және құралдарды қолдануды қажет етпейтін іс-әрекеттерден басталады(қағазды бүгу,майыстыру,жырту,кесу және т.б)

Осы мақсатта жаттығулар тапсырмаларды максималды жеңілдетумен жүзеге асырылады. Содан кейін құрал-жабдықтарды пайдалану қажет амалдар жасалады. Болашақта қызмет алушыларды қайта даярламайтындай етіп құралдарды дұрыс ұстауын үйренуіне ерекше назар аудару қажет. Вербальді емес қызмет алушылармен жұмыс жасауда түрлі әдістермен қатар іс-әрекетке негізделген карталар қолданылады. Карточкалар вербалді емес қызмет алушылардың ойларының дұрыстығын  көретуге, еңбек іс-әрекеттерінің барысын құруға мүмкіндік береді.

Еңбек ету барысында  вербальды емес қызмет алушылардың ауызша сөйлеуін дамыту жүзеге асырылады. Қызмет алушылардың  дамуына ықпал ететін,оларды күнделікті өмірде тәуелсіздікке дайындайтын  практикалық қызметтің қарапайым және қол жетімді түрі-әлеуметтік тұрмысқа бағдарлау сабақтары. Әлеуметтік тұрмысқа бағдарлау  негізгі мақсаты қызмет алушылардың бойында дербестік дағдыларын,өзіне-өзі қызмет етудегі тәуелділік тенденциясын жою мүмкіндігін қалыптастыру. Қызмет алыушылардың жалпы еңбек біліктерін

-тапсырманы бағдарлау

-жұмыстың барысын жоспарлау

-жұмыстың орындалуын бақылау

Дамыту үшін ерекше жағдайлар жасау болып табылады. Осы біліктердің қалыптаспағандығынан  қызмет алушылардың дербестігі төмендейді.Сондықтан жалпы еңбек біліктерін дамыту үшін арнайы жағдай жасау үшін түзете дамытушылық міндеттерді шешуді анықтайды.Қызмет алушылардың тапсырманы орындауы мынадай жолдармен жүзеге асырылады.

  • Қызмет алушылардың бұйымдарды және заттарды талдау арқылы ұқсас іс-әрекеттерді көмексіз орындауы.
  • Әртүрлі көрнекі құралдарды және нақты бұйымның үлгісін оның сурет эскизі,сызба көрінісін пайдалана отырып тапсырманы бағдарлауды үйрету.
  • Тапсырманы бағдарлау барысына есептеу және өлшеулерді қосу
  • Ауызша және жазбаша нұсқауларды қолдана отырып тапсырманы орындауға бейімдеу. Еңбекке баулу,басқа оқу пәндері сияқты қызмет алушыларды жан-жақты дамыту міндеттерін шешеді.Ол физикалық,ақыл-ой,эстетикалық және адамгершілік тұрғысынан дамытуға айтарлықтай үлес қосады.

Арнайы мектептер жағдайында еңбекке баулу міндеттері ерекше маңызға ие екенін көруге болады.Дамуында ауытқуы бар балаларды еңбек іс-ірекетіне қосу олардың ценсорлық,ойлағыштық және орындаушылық қызметтерін түзету мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.Осы жағдайда қызмет алушылардың қабылдауы мен түсінігі анық көрсетілген пәнге қатыстылыққа ие болады,сондықтан қызмет алушы үнемі нақты нысандармен оның қасиеттерімен жұмыс істейді.Осыдан ауыытқуы бар балалардың қабылдауына тін мазмұнның жеткіліксіздігі және т.б жеңу мүмкіндігі кеңейеді.

Дамуында ауытқуы бар қызмет алушылардың еңбекке баулу бағдарламасының игеру нәтижелері оқытудың қорытынды  нәтижелер ретінде бағаланады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.